Ернар Айдар бағасы мың доллардан асатын киімін көрсетіп мақтанды
Ернар Айдар арнайы тапсырыспен тіккен киімін көрсетіп мақтанды. Әншінің айтуынша, үстіндегі киімінің бағасы мың доллардан асады.

Фото: instagram.com/ernar_aidar_official/?hl=ru
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Жуырда өткен концерттердің бірінде Заттыбек Көпбосынұлы мен Ернар Айдар дуэт орындады. Концерт барысында кейінгісі журналистерге қымбат киімін көрсетіп мақтанды. Үстіндегі киімін арнайы тапсырыспен тіктірген екен.
“Бұл жаңа ізденістің арқасы ғой. Жалпы мен өзім материалды қарап, стилистермен, ағамызбен ақылдастым. Сөйтіп, жарасымды киім тіктірдім. Енді арнайы тапсырыс болған соң, арзан болмайтыны анық. Бағасы мың доллардан асады. Бұл киімге басқалар секілді атымды жаздырмадым. Бұл қарапайым ғана киім ғой”, – дейді Ернар Айдар.
Жіберіп алмаңыз:
Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес
“Мисс Қарағанды-2016” байқауының жеңімпазы ауруханаға түсіп қалды
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық