Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар алғаш рет жұбайымен түскен суретін жариялады

Алғашқыда үйленгенін жасыруға тырысқан Ернар Айдар көп ұзамай құпияның шетін ашқан еді. Ол отбасылы болғанын жасыруды көздемегенін, тек ата-анасының қалауымен уақытша тіл-көзден сақтанғанын айтып ақталған-ды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ернар Айдар

Десе де, сол уақыттан бері Ернар жарымен түскен суреттерін жұртқа көрсеткен емес. Тек үйлену тойынан қысқаша видео жариялап, жанкүйерлерін қуантқан-ды. Ал бүгін Ернар алғаш рет жарымен түскен фотосын Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

“Махаббат сынағанда, сынағанда
Тағдырдың толқыны ұрып еңсең бір сәт құлағанда,
Адасып сезім түсіп қалмау үшін бұралаңға,
Бір адам керек екен
Өмірде бір адамға”, – деп жазды ол бөліскен суретінің тұсына.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау