Ермек Тұрсынов “Жат” фильмінің премьерасы шетелде өтті
Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың “Жат” фильмінің премьерасын Таллин қаласындағы “Қараңғы түндер” кинофестивалінде өткізді, – деп хабарлайды Stan.kz .

“Басты рольдегі кейіпкердің өмірін бейнелеп қана қоймай, жалпы философиялық мәселелерді көрсеткен картинаны көрермендер жақсы қабылдады”, – деді продюссері Қанат Төребай.
Кинофестиваль 13-29 қараша аралығында өтеді. Ермек Тұрсыновтың жұмысы фестивальдің негізгі бағдарламасына кірді.
Бұған дейін “Жат” фильмі “Шет тілдегі ең үздік фильм” категориясы бойынша “Оскар” жүлдесіне негізгі үміткерлердің тізіміне кірген. Бұл фильм өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттар баяндалады. Бостандығын сақтау үшін ол қоғамдық қысымға тап болады.
Фильмінің сценарийін Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған екен.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен