Ермегияев сотында қорғаушы “Сүлеймен Сұлтан” сериалының сюжетін айтып берді

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 10:13

АҚ “Астана ЭКСПО-2017″ҰҚ” жымқыру ісі бойынша жеке кәсіпкер Мәдина Дәулетбаеваның мүддесін қорғап жүрген қорғаушы Сейіт Рахманов, сот тыңдалымы кезінде “Сұлтан Сүлеймен” сериалының үзіндісін айтып берді.

54b56bcb-60a4-47cd-bc46-8e0368167924

Сурет today.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Айта кетейік, осыған дейін ол бір сағат уақыттай қағаздан оқи отыра, өзінің қорғап отырған адамының кінәсіздігін дәлелдеу барысында өзінің ойынша жағдайлар мен фактілер келтірді, содан кейін құжаттары шетке қойып, басқарушы сотқа қарап өз сөзімен жалғастырды.

“Әділ сот болуыңызды өтінемін. Неге? “Сұлтан Сүлеймен” филімін көрсетіп жатыр емес пе. Онда сұлтанның уәзірі мен істі болғанмен ара қатынасы дұрыс емес. Осыдан кейін сот өзінің ара қатынасы дұрыс емес уәзірдің пайдасына шешіп береді. Содан кейін уәзір сотқа келіп “Көрдің бе менің құзіреттілігімді? Сен соған қарап шешім шығардың ба?”, – дейді. Ал, сот болса уәзірге: “Жоқ, маған басқа сот болады. Сондықтан мен әділ шешім шығардым”, – дейді. Өтінемін, Құрметті сот мырза, әрине, Сізге қиын болады, себебі бұл оқиға резонанс тудырғаны рас. Мен мұны ашық анық әрі нақты айтамын, себебі бұл тек БАҚ-тың ғана игілігі емес. Сот отырыстарының жазбалары барлық жерде бар. Еуропада да және мұнда да қарауда. Сіздің шешіміздің қорытындысынан – әділ немесе кері болсын, сол шешімнен біз туралы, Қазақстан туралы пікірде болады”, – деді Рахманов сотқа бағыттала.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Дәулетбаеваға ҚР ҚК 189 бабы, 4 тарау, 2 тармақшасы “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” айыбы тағылған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар