Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермахан Ыбырайымов: Тәуелсіз ел болмасақ, бұл бокс кеші де болмас еді

Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Астанада өткен Қанат Ислам мен Брэндон Куктың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

20170910111416

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Бокс кеші өздеріңіз көргендей аса тарысты, өте қызықты өтті. Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен Брэндон Куктың арасындағы бұл бокс кеші еліміздегі ең мықты айқастардың бірі болып тарих қойнауында мәңгі сақталатын болады. Барлық боксшылар тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Ешкім жанкүйерлерін жерге қаратқан жоқ. Бұл қазақ елінің, егемендігіміздің мақтанышы. Осындай тәуелсіз ел болмасақ, бұл бокс кеші де болмас еді. Сондықтан әр қазақ тәуелсіздіктің қадірін білу керек”, – деді Ыбырайымов.

Мұнымен қатар, спортшы Астанадағы бокс кеші жастарды спортқа баулуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

“Елімізде осындай халықаралық деңгейдегі жарыстар жиі өтуі жастарды спортқа шақыруға үлкен күш салады. Қанатқа еліктеп жүрген қаншама қазақ баласы бар. Бүгін әр қазақ өз шаңырағында отандасының өнерін тамашалады. Бұны көрген әр жас ертең спортқа деген қызығушылығы оянады. Сол үшін осындай жарыстарды елімізде жиі өткізу керек”, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше отандасымыз Қанат Ислам қарсыласы Брэндон Куккті 9-раундта ойсырата жеңген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты

Мамандар: Қанат Ислам Кукке қарсы өзінің карьерасындағы ең үздік жекпе-жегін өткізді

Геннадий Головкин қызды болды

Арман Оспанов жолын жауып, аяғынан шалған қандастарына өкпесі қара қазандай екенін айтты

Талқылау