Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров әйелінің бірінші некеден туған баласы жайлы айтты

Ерлан Орынбасаров Баян Нұрмышеваның бірінші отбасынан туған баласын қалай тәрбиелеп жүргенін айтып берді. Мұнымен қатар, әнші әйелінің жетістіктері үшін тек қана қуанатынын жеткізді.

15876389_1212097615544577_6624888574774870016_n

Фото: instagram.com/bayannurmysheva/?hl=ru

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

– Ерлан, жаңа мен бірінші Баянды таныстырдым. Журналистер де осындай қателікті жиі жіберетін шығар. Бұл көңіліңе тиеді ме?

– “Көп жағдайда журналистер бірінші Баянның есімін атайды. Ол бала күнінен бастап үлкен сахнада өнер көрсетіп келеді. Мен керісінше оның жетістіктері үшін қуанамын. Мұны сіз айтып отырғандай журналистердің қателігі деуге болмайды. Әдетте “Барлығы дұрыс. Бір үйден бір адам жетеді” деп күліп қоямын. Үлкен ата-әжелеріміз де “Әй, сен Баян Нұрмышеваның күйеуі емессің бе? Бәсе, жүзің таныс” деп шақырады. Жаңа студияға келмес бұрын да кімнің қай жерге отыратынын әбден талқыладық.

– Көп көрермен Баян ханымның екінші рет отбасын құрғанын жақсы біледі. Ерлан мырзаның өзі де мұны ашық айтып жүреді. Кішкентайларың да бар. Тағы да бір қуанышты күтіп жүрген сияқтысыңдар ғой?

– Отасқанымызға 3 жылға жуық уақыт болды. Аллаға шүкір, кішкентайымыз бар. Тағы да бір қуанышты күтіп жүргеніміз рас. Қазір бес ай болды. Бұйырса, жаз мезгілінде босанамын. Өз басым ұл бала болғанын қалаймын. Себебі, қыз бала үшін көп алаңдауымызға тура келеді.

– Ерлан мырза, сөздің ашығын айтқанда, Баянның үлкенімен қарым-қатынасыңыз қандай?

– “Біз өмірде қарапайым отбасымыз. Ол мені “әке” деп атайды. Ода тұрған ешнәрсе жоқ. Мен өз кезегімде әкелік міндеттерімді орындап жүрмін. Ер бала болған соң, қазірден бастап спортқа баулып жатырмын. Ер адамдарға тиесілі белгілі бір заңдылықтар бар. Солардың барлығын күнде айтып отырамыз. Әкемнен естіген кеңестерімді қазір балаларыма сіңірсем деймін. Біздің отбасымызда бұл тақырыпты көтерген емеспіз.


Жіберіп алмаңыз:

Продюсеріне тұрмысқа шығатын Луина той көйлегін көрсетті (фото)

Екі рет тұрмыста болған Шахизада тағы да ғашық болып қалды

33-ке толған Мақпал Исабекова туған күнін қалай атап өтті? (фото, видео)

Қазақстандық музыканттар Димашты қолдау үшін Қытайға аттанды

Талқылау