Ерлан Орынбасаров: Баянға деген сезімімді алғаш WhatsApp арқылы білдірдім

Сәрсенбі, 12 Қазан , 2016 12:42

Жұлдызды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева қалай танысқандарын айтып берді. Кезінде «Мафия мен тақия» театрында ән салған сері жігіт алғаш рет сүйіктісіне өз сезімі туралы смс арқылы жеткізгенін мойындады.

орынбасаров

«Тараз қаласында таныстық. «Мафия мен Тақияның» кезінде әншісі болдық қой. Концерттің алдында дайындық жүріп жатты. Баян екеуміз әрлеу бөлмесінде таныстық. Баянның қызыл гитарасы болатын. Қасына келіп: «Гитарыңызды тартып көрсем бола ма?» деп сұрап, білетін 2-3 аккордымды тарттым. Менен кейін гитарада Баян ойнады. Баянның кәсіби түрде гитара тарқанын көргеннен кейін, өзімнің тартқаныма ұялып, одан кейін гитара ұстамайтын болдым», – деді Ерлан Орынбасаров КТК арнасының «Басты Рөлде» бағдарламасында.

Баянның айтуынша, одан кейін қос әнші әріптес, дос ретінде араласа бастаған. Баянға жанашырлық танытып, өнеріне қатысты ақыл-кеңестер беріп жүретін Ерлан оған сезімін қалай жеткізерін білмеген.

«Баянмен күнде кездесіп жүргеннен кейін сезім жайлы айту ыңғайсыздау болды. Соны смс арқылы, телефон арқылы жеткіздім. Қазір Whatsapp деген жақсы нәрсе бар ғой», – дейді Ерлан.

Күн сайын кездесіп, жұмыс жайын талқыға салатын жұлдыздар бір-біріне қалай ғашық болып қалғандарын аңғармай қалған.

«Дос, әріптес болып араласып жүріп, Ерлан ақыл-кеңестерін айтып жүретін. «Саған бейнебаян керек, мынау керек, анау керек» деп. Оның бәрін жүзеге асыратын адам керек, өзің айтып тұрсың, ендеше өзің жүзеге асыр деп қолқа салдым Ерланға. Содан бастап бірге жұмыс істей бастадық», – дейді Нұрмышева.

Бүгінде ел қызығатын жұлдызды жұптың Назарәли есімді ұлдары бар. «Ешқашан ұрысып көрмеппіз» дейтін отанасының бұл орайда өзіндік құпиясы да бар:

«Ыдыс-аяқ сылдырламау үшін адамдар бір-бірімен жиі әңгімелесіп, пікірлесіп, бір-бірінің ойын, көзқарасын жиі талқыға салып тұруы керек шығар. Біз өте жиі әңгіме айтамыз. Сондықтан да ондай жағдайлар болмайды. Болмай ақ та қойсын».

Жіберіп алмаңыз: 

Q-POP стиліндегі кезекті бейнебаян тағы елді шулатты (видео)

Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік

“Айман-Шолпан” телехикаясының түсірілімі кезінде күтпеген жерден актрисаның киімі жыртылған

Асанәлі Әшімов әріптесінің әрекетін құптамады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар