"Еркіндіктің құны қымбат": Қазақ қызы Тиматидің ұсынысынан бас тартты
"Песни" жобасының қатысушысы Say Mo Тиматидің ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, болашақта өз бетімен дамитынын айтқан. Тиматидің лейблға келуге жасаған ұсынысын қабылдамаған Say Mo шығармашылықтағы еркіндікті жақсы көретінін жеткізіп, осы уақытқа дейін қолдау көрсеткендерге алғыс айтты.
"Мен еркін әртіс екенімді ресми түрде жариялағым келеді. Black Star, лейблға шақырғаның үшін рахмет. Бірақ мен шығармашылық жолымды өзім дамытамын деп шештім. Номадтарым, сіздерге де алғысым шексіз", - деп жазды Say Mo.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"