Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркебұлан Дайыров өзінен 8 жас кіші жұбайы туралы: Қазір миымды жемейді

Еркебұлан Дайыров өзінен 8 жас кіші жұбайы Ләйләмен театр қабырғасында танысқан. Бүгінде отасқандарына 5 жыл болған жұптың ортақ бір қызы бар. Жақында отбасы тағы бір жанмен толықпақ. 

Еркебұлан Дайыров өзінен 8 жас кіші жұбайы туралы: Қазір артық миымды жемейді

Фото: Еркебұлан Дайыровтың жеке парақшасынан/Коллаж Stan.kz

Бұл туралы актер "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Еркебұланның жары Ләйлә да - актриса. Екеуі бірнеше спектакльде бірге ойнайды. Дайыров жұбайының өнеріне балта шапқысы келмейді. Өзі де өнер адамы болғандықтан, әртүрлі картиналарға түсуіне қарсы емес. Тек жұбайына қояр бір ғана талабы бар. 

"Сценарийіне кіріскен емеспін. Тек бір ғана талап қоямын. Ашық сахналар болмау керек, сүйісу, құшақтасу, тағы басқа", - деген Еркебұлан мұндай көріністерден өзінің де бас тартатынын атап өтті. 

"Ондай менде қатты болған жоқ. Жаныма жат дүние. Кадрде жалаңаш, ашық сахнаға түскім келмейді. Қолдан келгенше бас тартып жүрмін", - дейді Дайыров.

Араларында 8 жас айырмашылық болған соң, актер отбасын құрған алғашқы жылдары арада түсініспеушіліктер болғанын жасырмайды. Алғашқыда қызғанышқа бой алдырған Ләйлә бүгінде сабасына түскен көрінеді.

"Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Оның үстіне, ол солтүстіктің, Көкшетаудың қызы. Олардың бізден қарағанда менталитеті бөлек. Жаймен-жаймен үйреніп жатқан жайымыз бар бірге.

Келіншегіме риза болатын жерім - қызғаныш деген нәрсені түсініп, өзі қойып, бір сөзбен айтқанда, артық миымды жемейді. Біледі. Соның өзі екеуміз отбасын құрған 5 жылдың ішінде есейгені, саған толық сенім артқандығын көрсетеді. Сенімді ақтау үшін әйеліңнен ұялма, бірінші Құдайдан қорық. Соның алдында арың таза болса, менің ойымша әйеліңнің де тура бетіне қарай аласың", - дейді Еркебұлан. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр