Ерке Есмаханның жеке өмірін білген халық оны қолдауға кіріскен

Жұма, 27 Қараша , 2015 8:56

Әнші Ерке Есмахан біраз уақыт бұрын халыққа өзінің жеке өмірі жайлы ашық айтқан еді. Онда ол бұрынғы күйеуі Асхат Садырбаймен ажырасу себебін баяндап берген болатын.Енді Еркенің тыңдармандары  оның отбасына, жеке өміріне қатысты қолдау көрсетіп жатыр.

ерке55

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды. Әншінің парақшасында  « Енді бақытты бол. Ер мінезді қазақтың жігіттері көп. Артыңа қарамастан тек жақсылық күт. Өкінбе, есесіне балаң бар. Саған сенеміз, арың таза» деген тілек ниеттер көптеп жазылыпты.

Ерке

Тіпті кей келіншектер әншіні ашық сұхбатынан кейін жақсы көріп кеткен. Сырласып кеңес сұрауға көшкен.

ерке111

«Сіз ақылды,батыл екенсіз. Менің қазіргі өмірім сіздің өткеніңіз сияқты. Бірақ,балаларым үшін шыдап жүрмін. Ажырасып кетуге батылым жетпей жүр. Сіз дұрыс істедіңіз»,-деген ойымен бөліскен.

«Соңғы кездері онымен бір дастархан басына отырудан,бір-бірімізді түсінуден қалған едік. Жүкті кезімде ол маған қол көтерді. Мен әр бір әйел адам сияқты балам үшін отбасымды сақтауға тырыстым. Ештеңе шықпады»,-деген болатын.

Ерке екеуі ажырасқан кездегі тележүргізуші Асхат садырбайдың мінезін айтып көпшілікті таң қалдырған .

ерке222

«Асхат  ажырасқан кезімізде бар сыйлығын түгенлеп алып қалды. Сырға,сақина  менде оның ешқандай заты қалмады. Мінезі сондай. Меннен кейін бір үйленіп ажырасты. Сол кезде қайта қосылуға да келген. Мен ештеңе шықпайтынын түсініп келіспедім. Енді оған «майдалықты» қою керек деп кеңес беремін. Ер мінезді,ірі болса осы отбасы сақталады деп ойлаймын»,-деген еді  әнші «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ерке Есмахан өз сөзінде  келін болып ауылда аула сыпырғанын, қолынан келгенін жасағаны жайлы да айтқан. Ол  соңғы кездері өз өміріне қызығушылық танытып, мазалап жүрген  халыққа түсінікті болу үшін айтқанын да ескерткен еді.

Тележүргізуші Асхат Садырбай  өткен  өмірі жайлы айтудан  мүлде бас тартты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ерке кай жылгы ? Негизинде арасында болган жокпызгой бирак Асхат ушинши айел алыпты дегениненак байкадым минези нашарлаума деп былайынша Ерке жаксы сиякты

  • Anonymous says:

    Қай жылгы

  • Anonymous says:

    Бакыт тылеймын!

  • Anonymous says:

    ерке дурыс шешым кабылдадын еш мунайма бары жаксы болады

  • Анонимно says:

    Ерке Есмахаг кай каладан туылган жери?????

  • Saule says:

    Негизи биз адамдар акыл айтып биреуин жаксы биреуин жаман деуимиз дурыс емес олардын арасында болмадык и еки жакта кина болады бир жактан болмайды кателик мен де айел адаммын омирден кореримди корип кеп жатырмын оларда етпен суйекпен жаратылган адамдар оз ойлары сол екен оздеринше омир сургени дурыс жаксы болсын жаман болсын . Макул омирин жайып салды экранга не шыкты жанашырлар коп болды сол оз баласынын акесин жамандады рахат таптыма ойлайсыздар Асхатты сухбат беруден бас татты деп бирак оныкинде былай карасаныз минези ит минез болса да Еркени бир жаман деп озин актамады. Олда бир ер минездик болар ал озин актап жамандаса жарын арине ол катын минезди деп шыгар ек. Сол ушин биреудин омирине арласып акыл айтып кунакар болганша тек онерлерин тамашалайык.

  • Анонимно says:

    Асхаттын барлык сыйлаған дүниелерін алып алғаны дұрыс болмапты. Он жерден ұрыс керіс болсада жаман, жақсы болсын бір шаңырақтың астында тұрып, балалы болып, ерлі-зайыпты болып тұрды ғой. Не болсада баласынын анасы емеспе.

  • Жаңабай says:

    Қызым,кешірімді бол.Ата-анасы жақсы адамдар сияқты.Ондй ата-анадан жаман бада шықпайды.

  • Жұмбақ жан says:

    Мелочник десей. Еркек деген қатын қалаштың тірлігіне мүлде араласпау керек.

    • Anonymous says:

      мен. алматы. облысы жамбыл ауданын. казакстан. республикасына енбек синирген. улагатты. устазымын еки ул. еки кызым бар бари уйленген еки келинимди. оз кызымнан артык корем сен сиякты келинди кандай. ата ене болсада алаканга салып устайды деп ойлаймын. ерке андеринди оте жаксы корип. тындаймыз. келешекте оз. жубынды тауып бакытты бол кишкентай. муслим. бакытты бала болсын артыннан. ини. карындастар. ере берсин. сеннин бакытты. болуына. тилектес. апайын. улугатты устаз. назапа жунискызы

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар