Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны тағы рекорд орнатты (фото)

Әдетте продюсерден еншісін алып шыққан әншілер бірден табысқа жете қоймайды. Өздігінен аяққа тұру үшін біраз еңбектенеді, сүрінеді, қайта көтеріледі. Ақырындап халықтың жүрегіне жол табады. Ал Ерке Есмаханда олай болған жоқ. Баян Мақсатқызынан кеткелі бері әншінің жұлдызы керісінше жарқырай түскендей, деп жазады Stan.kz.

Маңдайының бағы болар, Еркенің өздігінен жасаған алғашқы жұмысы бірден хитке айналды. “Қайда?” бейнебаяны қайта-қайта рекорд орнатып, елді біраз шулатты. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін “хит” әнді жатқа айтты. Аталған клипті 5 айдың ішінде 40 миллионға жуық адам тамашалады. 18 миллион халқы бар Қазақстан эстрадасы үшін бұл үлкен көрсеткіш.

Бірақ Ерке мұнымен тоқтап қалмақ емес. Халықтың оңды бағасынан үлесті болған ол әрі қарай да тыңдармандарын қуанта бермек.

Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын “Қайда?” бейнебаянының жалғасы ретінде Ерке “КЗ жігіт” атты туындысын ұсынған болатын. Аталмыш әнбаян небәрі 2 тәулікте бір миллион қаралым жинап, Ернар Айдардың (“Күнім, сен сөнбеші” 3 тәулікте миллион рет қаралған болатын) рекордын бұзған еді. Бүгін бұл көрсеткіш жаңарды.

Нақтырақ айтатын болсақ, Еркенің жаңа клипі жеті күнде 2 миллион қаралым жинап, тағы да рекорд орнатты. Біз де өз тарапымыздан әншіні құттықтап, шығармашылығыңыз шыңдала берсін демекпіз!

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыздар ең төменгі күнкөріс мөлшері – 28 мың теңгені жарты сағатта жаратып жіберетіндерін айтты

Мен армандаған әйел: Мақсатқызының ашық суретін жариялаған Алагөзов жұрттан сөгіс естіді (фото)

Нұржан Керменбаев пен Мақпал Исабекова ерекше бейнебаян түсіріп, жұртты таңғалдырды (видео)

Қабатов бастаған КВН майталмандары науқас баланың арманын орындады (видео)

Талқылау