Ерке Есмаханның фильмінің тұсаукесеріне Бауыржан Байбектің өзі келді (фото, видео)

Әр әні хитке айналатын Ерке Есмахан күні кеше тырнақалды фильмін көпшілікке таныстырды. “Махаббат кафесі” кинокартинасының тұсаукесеріне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектен бастап, қазақ киносы мен эстрадасының ең танымал жұлдыздары келді. Аталған кешке Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі де қатысып қайтқан еді.

Ерке Есмаханның фильмінің тұсаукесеріне Бауыржан Байбектің өзі келді (фото)

Кинокартинада Еркенің өзі Мақпал есімді қарапайым ауыл қызын сомдайды. Ал негізгі кейіпкер Шыңғыс есімді аспаз жігіттің рөлі белгілі актер Шәріп Серікке бұйырған. Бір қызығы, Еркені халық нағыз қазақтың қарапайым қызы ретінде таныса, Серік көбінесе орыстілді аудиторияға танымал. Ал қос актер түсірілім алаңында қалай тіл табысты? Бұл сұрақты Ерке Есмаханның өзіне жолдадық.

“Бұл кино Шаконы (ред. Шәріп Серік) басқа қырынан көрсетеді. Айтып жатырсыз ғой, ол орыс аудиториясына белгілі деп. Енді оны бүкіл қазақ көрермендері жақсы көріп, танитын болады. Шынымен де, орысшасы да, қазақшасы да жақсы. Бірге жұмыс істеген өте ыңғайлы. Түсірілім алаңында ешқандай қиыншылықтардан бас тартпайды. Өз ісін қатты сүйетін актерлердің бірі”, – дейді Ерке.

Ерке Есмаханның фильмінің тұсаукесеріне Бауыржан Байбектің өзі келді (фото)

Есмахан аталған фильмнің бас продюсері әрі басты рөлдердің бірін сомдаушы актриса. Еркенің бұл толық метрдегі алғашқы жұмысы. Су жаңа актриса түсірілім алаңында қиыншылықтар болғанын жасырмайды.

“Қиыншылықтар, түсінбеген сәттерім болды. Режиссер не үшін? Сол актрисаға түсіндіру үшін ғой. Бірақ бәрін алып шығамын деген сенім болды. Көптеген тәжірибелер жасадық. Өзім ақпын, қара қыз етіп, бетіме секпіл жасап, қасымның формасын өзгертіп, ауыл қызына ұқсатты. Мені Ерке Есмахан емес, тек сол кинодағы кейіпкерім Мақпалдың бейнесінде қабылдасын деп мені түбегейлі өзгертті”, – дейді Ерке.

Ерке Есмаханның фильмінің тұсаукесеріне Бауыржан Байбектің өзі келді (фото, видео)

Кинокартина бас-аяғы 25 күн ішінде Шудың бойындағы кафеде түсірілген. Еркенің өзі фильмге кеткен қаражатты жасырып қалғанымен, құпияның шетін бас режиссер Асқар Ұзабаев ашты. Айтуынша, фильмді түсіруге бас-аяғы 200 мың доллардан аса қаражат жұмсалған.

Ерке Есмаханның фильмінің тұсаукесеріне Бауыржан Байбектің өзі келді (фото, видео)

Айтпақшы, осыдан тура бір апта бұрын Еркенің сахналас-әріптесі Төреғалидің фильмі жарық көрген болатын. Кезінде дуэт болып ән шырқап, дүйім қазақ жұртын шулатқан қос жұлдыздың бір уақытта фильм түсіруі көпшіліктің ойын сан-саққа жүгірткені рас. Алайда Еркенің өзі мұны тек сәйкестікке балап отыр.

“Онда тұрған не бар? Төреғали болмаса да, қазақстандық басқа қанша кино шығып жатыр. “Финансист”, “Бизнесмены” тағы да басқа көптеген фильмдер. Бұл жерде Төреғали екеуміздің өнердегі байланысымыз болған соң барлығы солай ойлайды. Қарап отырсаңыздар, күзде болсын, жазда болсын, бәрібір 5-6 қазақстандық фильм бірге шығады. Төреғалидің фильміне сәттілік тілеймін. Әріптесім екеуміздің бірге келе жатқанымызға қуаныштымын”, – дейді Ерке.

Айта кетейік, “Махаббат кафесі” кинокартинасы 25 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.

Дайындаған Назгүл Әбушәріпқызы

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар