Ерке Есмахан дүркіреп өткен туған күніне әншілерді шақырған жоқ (фото, видео)
Еліміздің нағыз еркесіне айналған әнші Ерке Есмахан кезекті туған күнін жақын достарының ортасында атап өтті. 31 жасқа толған Ерке өз туған күніне санаулы сәт қалғанда Астанаға ұшақпен жеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Бір қызығы, Еркенің туған күнінде әншілер қауымы болған жоқ. Тележүргізуші Ләйля Сұлтанқызы, ақын Айнұр Тұрсынбаева, продюсер Жан Мұқанов пен актриса Құралай Анарбековалар Еркенің қуанышына ортақтасты.

Сағат тілі 12-ні соққанда Ләйлә Сұлтанқызы шырақ жағылған тәттісін ұсынып, Еркені алғашқылардың бірі болып құттықтады.

Айта кетейік, әншінің туған күні бүгін, яғни 30 қараша. Бұл ретте өнердегі әріптестері Есмаханды желі арқылы жарыса құттықтап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:
Алтынай Жорабаеваның қыздары сұлулығымен жұртты таңдай қақтырды (фото)
Нағима Есентаева абақтыда жатқан ағасынан сый келгенін айтып, көзіне жас алды
Атақты Роза Рымбаева Семей әкімінен көрген қорлығы жайында айтты
Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"