Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерікті өрт сөндірушілер ақша табу үшін өздері әдейі от қойып отырған

Италия полициясы ерікті өрт сөндірушілердің ақша табу үшін өздері әдейі от қойып отырғанын анықтады. Бұл қылмысқа қатысы бар 15 адам мен қылмыстық топ басшысы құрықталды.

Өрт_сөндіру

Бұл оқиға Сицилияның Рагуза қаласында орын алған, деп хабарлайды 31 арна.

Өрт сөндірушілер 40 рет өртті сөндіруге шықса, еріктілер 120 рет тілсіз жаумен күресуге шақырылған. Өрттің жиі орын алуы жергілікті биліктің күдігін күшейтті. Осылайша, еріктілердің ақша табу үшін халықтың көз жасына қалып отырғаны анықталды. Енді қылмыстық топтың барлық мүшелері сотталады.

Тағы да оқыңыз:

Қарағанды облысында кішкентай қызды сабаған бейтаныс әйел видеоға түсіп қалды

Қостанайда қоқыс арасынан шала туған нәрестенің денесі табылды

Астана әуежайының маңдайша жазуы Nursultan Nazarbayev деп өзгертілді

Талқылау