Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерігіп жүрген жоқпын: 600 мың теңгеге қолғап сатып алған Мөлдір Әуелбекова өзін сынағандарға жауап берді

Таяуда Атырауда өткен «Астана Арланс» бокс кешінде Мөлдір Әуелбекова боксшы Асланбек Шымбергеновтың қолғабын 600 мың теңгеге сатып алған еді. Алайда бұл жайттан құлағдар болған көпшілік әншіні сын астына алған. Жұлдыздардың ақшасы тасыған, одан да сырқат балаларға бермей ме, дейді олар, деп жазады Stan.kz.

Мөлдір Әуелбекова

Өз кезегінде Мөлдір Әуелбекова неліктен 600 мың теңгеге қолғап сатып алғанын түсіндірді. «Игі істерімді жасырын жасап жүрген адаммын» деген әнші бұл жолы өзіне толассыз айтылып жатқан сынға үнсіз қарап отыра алмаған сыңайлы.

«Мына мәселенің нүктесін өзім қоймасам ушығып барады. Мен жуырда Атырауда өткен Бақтияр Артаев бастаған «Астана Арланс» боксшылары бәйгеге түскен жарыста қонақ болдым. Жеңіс Қазақ елінде! Қайырымдылық мақсатпен аукцион өтетінін естіп, ойда жоқта қатысып, Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алдым. Рас! Игі істерімді жасырын жасап жүрген адаммын. Бірақ дәл осындай жазбамен суретті сайттар таратып жіберді. Дегенмен халық турасын оқымай, «Ақшасы тасыған жұлдыздар. Одан да сырқат балаларға бермей ме?» деген тәрізді өте ауыр сөздер айтуда. Осы менің жазбама да солай жазатындар табылады қара да тұр.

Айналайын, халқым-ай! Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын. Ерігіп жүрген жоқпын. Аукционда менен басқа адамдар алды қолғаптарын. Шүкір. Есесіне 7 миллион теңге жиналды», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар әнші аукционда жиналған ақшаның мұқтаж жандар мен қатерлі ісікке шалдыққан бір жарым жасар Алима Көпейдің еміне берілгенін айтты.

«Оразада өзімізді тамақпен ғана емес, ауыз бен жүрекпен де тыйсақ екен. Одан да осындай шара ұйымдастырған Бақтияр мен «Астана Арлансқа» алғысымызды білдірейік!» – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау