Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ерекше қасиеті» бар емші сәбиді уқалау кезінде өлтіріп алды

Клиникалық өлім кезіндегі баланы ауруханаға жеткізгенімен алған зақымнан өліп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Ерекше қасиеті» бар емші сәбиді уқалау кезінде өлтіріп алды

 Ресейдің Нижегородской облысының Константиново ауылында сәбиді уқалаймын деген халық емшісі оның мойнын сындырып алған. Төрт айлық баланы дәрігерлер де аман алып қала алмады. Ата-анасына баланы невролог маманына көрсетуге кеңес берілген, алайда олар білімі жоқ «ерекше қасиеті бар» әйелге апаруды жөн шешкен.

«Халық емшісі» өзін емшімін деп медициналық қызметтерді үйінде үлкендер мен балаларға көрсеткен. Массаж жасауға оның ешқандай лицензиясымен рұқсаты және медициналық білімі болмаса да келушілерінен тоқтау болмаған.

Уқалау кезінде ол сәбидің басын кенет бұрып қалып, мойын жұлындарына зақым келтірген. Бұдан кейін баланың жағдайы лезде ушығып, оны клиникалық өлім кезінде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің күресіне қарай оны құтқару мүмкін болмады.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда емші өзінің кінәсін мойындамады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау