Ерболат Беделхан өзін гейлерді қолдайды дегендерге жауап берді
Әлеуметтік желіде “Орда” тобының мүшесі, «91» тобының продюсері Ерболат Беделхан гомосексуал жігіттерді қолдап, «қызтекелерге» демеу болуға әзірлігі жөнінде ақпарат таратыпты-мыс. Алайда әнші оның «Өтірік!» екенін алға айтып отыр.

Танымал сайттардың бірі Ерболат Беделханның гейлерге қатысты пікірін жариялап, жұртты шошытты. Онда қазақ эстрадасының танымал жұлдызы «Олар адам гей болсада, біз оларды қоғамнан шеттетпеуіміз керек, оларда өмір сүруге ақысы бар, мен оларды қашанда қолдаймын және демеу боламын, Қазақ жастарына айтарым қызтеке болғанда тұрған ештен жоқ бастысы мирімді болындар дер ем (орфографиясы сақталған – агент)», – делінген.

Алайда танымал продюсер Ерболат Беделхан Инстаграмдағы жеке парақшасында осы материалдың скрин-шотын жариялап, астына мынадай пікір қалдырыпты: «Өтірік! ешқашан жерде жатпайды ағайын. Амал барма, кешірем! сірә өз қазағым».
Продюсер мен жайлы жазды деген Nur.kz сайты Ерболат Беделханның гейлерге қатысты пікірін таратпағандарын айтып отыр. Тіпті 91 тобының жетекшісі сайттан жасаған сурет жалған дейді олар. Сайт өз кезегінде әншінің қаралауына байланысты құқықтық органға шағым түсірмекші екен.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі