Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерасыл Әубәкіровтің қалыңдығы екеуінің жоспарлары туралы айтып берді

Ерасыл Әубәкіровтің сүйіктісі Айгерім Әбсадықова “Астана” Медициналық университетінің қайтыс болған студенті жайлы айтып берді. Қыз Ерасылдың әрдайым үйлену туралы айтатынын еске алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

photo_177723_0

Оның айтуынша, олар Өскемендегі мектепте бірінші сыныптан бастап таныс.

“Мектепте біз араласып тұратынбыз. Тоғызыншы сыныптан бастап маған көңілін білдіріп жүрді, бірақ кездесіп жүрмеген едік. (…) Маған деген ерекше назарын сезетінмін. Ол әрқашан “Біз бірге болуымыз керек” дейтін. жазда үйленгісі келетінін, сондықтан тығыз қарым-қатынаста болғысы келетінін айтты. Мүмкін мен де армандап кеткен шығармын. 4 ақпанда, бейсенбі күні біз кездесуіміз керек еді, ал жұма күні сыныптастарымызбен кездесеміз деп келіскенбіз. Егер бейсенбі күні сөйлессек, арамыздағы жағдайды сыныптастарымызға жұма кұні айтатын шығармыз деп ойладым”, – дейді Айгерім.

Қыздың айтуынша, Ерасыл Жаңа жылдан кейін үйлену туралы көп айта бастаған.

a4de286421f1616226b2a7b2da277372

Ол әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеоларға сенбейтінін де айтып берді. Кісі өлтіру ісіне байланысты ұсталғандарды білесің бе деген сұраққа Әйгерім “Оларды тіпті де танымаймын. Оқиғаға қатысы бар адамдардың кім екенін сұрастырғанымда да достары білмейтін болып шықты. Өзім де олар туралы бірінші рет естідім” деп жауап берді.

“Жоғалып кетер алдында ол “Қайырлы таң, не істеп жатсың?” деп жазған еді, өзінің не істеп жүргенін айтып отыратын. Сол күні оларда университетте жиналыс болды. Осыдан кейін жазбай қалды. Бейсенбі күні достары маған хабарласып, оны менен сұрады”, – дейді Әйгерім.

Талқылау