Луинаның үлгісімен. Ер адамдар қыздардың үстінен көргісі келетін 10 киім

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 23:57

Ұнатқан азаматын сұлулығымен естен тандыру үшін, нәзік жан иелері ең керемет деген киімдерді киюге дейін барады. Шындығында, мәселені күрделендірудің қажеті де жоқ. Сүйгеніңіз үстіңізден көргісі келген киімнің гардеробыңызда бұрыннан-ақ бар болуы ғажап емес. Сенбейсіз бе? Онда бірге тексеріп көрелік!

luina3

Қысқа қара көйлек

Мінсіз қысқа қара көйлек – әр қыздың гардеробында болуы тиіс киім. Ол –кеңсе үшін де, ерекше жағдайлар үшін де жарамды. Оған қоса өзіңізді тартымды сезінуге көмектеседі.

Биік өкшелі аяқ киім

Биік өкшелі аяқ киім – ер адамдар ұнататын мінсіз стильдің тағы бір маңызды бөлігі. Әрине, аяғыңыз ұзын әрі сымбатыңыз да түзу болады. Мұндай көрініске назар аудармау мүмкін бе?

11098189_1434166023560877_441657257_n

Қызыл түсті киімдер

Кейбір киімдер әйелдің сымбатын айқындап, сұлулығын үстей түседі. Бұл қатарға қызыл түсті киімдер де кіреді. Біріншіден, қызыл түсті киім бейнеңізді жарқын етеді. Екіншіден, бұл түс бірден көзге түседі. Сонымен қатар ғалымдар денесінде қызыл элемент бар әйелдер еркектерге көбірек ұнайтынын айтады. Ол, тіпті, қызыл түсті далап та болуы мүмкін.

Былғары күрте

Бұл киім еш уақытта сәннен шықпайды. Оған қоса тартымдылық сыйлайды.

luina2

Иығы ашық жейде мен көйлектер

Әйелдің ашық иығынан тартымды не бар? Иығы ашық жейде мен көйлектер тартымды етумен қатар, бейнеңіз нәзік әрі жұмбақ сипатқа иеленеді.

Шілтері қондырма

Киімнің шілтеріден артық нәзік әрі романтикалық бөлігі бар ма екен? Шілтері қондырмалы киім аздаған ұшқалақтық пен тартымдылық үйлесімін сыйлайды. Десе де барлығы ниетіңізге байланысты.

Көйлек-қап

Кербездік пен нәзіктіктің шекарасы – сымбатыңызды ел көзінен жасыру. Сымбатыңызға сай келетін қатты матадан тігілген ұзын көйлекке аударылар назар қысқа белдемше, ашық көкіректен де көбірек. Алайда назардың бәрі тәніңізге емес, өзіңізге ауатынын білгейсіз.

Арқасы ашық киім

Бұл сәнді, тартымды және жай ғана әдемі. Арқасы ашық киім кию арқылы көз тоймас сымбатыңызды, тәніңіздің сұлулығын көрсете аласыз.

13744073_1740714412812017_1103967465_n

Көк джинсы мен ақ жейде

Кейде қарапайым үйлесімнің өзі бәрінен тамаша көрінеді. Сіз көк джинсы мен ақ жейдені үйлестіру арқылы қашан да тамаша көрінетін боласыз.

Ал оған биік өкшелі туфли қоссаңыз, кербез бейнеге ие боласыз. Кедалар кисеңіз, қызыққа толы сапарға аттануға дайынсыз.

10838732_990318647702239_1990595247_n

Спорттық киім

Көптеген әйел спорттық стильді ұната бермейді. Ал ер адамдарға мұндай киімдер тартымды көрінеді. Бұл, сірә, жаттығуға арналған киімдер алуға ынталандыратын себеп болар.

Қашан да өзіңізге сенімді болуды естен шығармағайсыз! 

Бұл ең қажетті кеңес болар: адамдар сіздің көңіл-күйіңіз бен сезіміңізді бірден байқайды. Егер өзіңіздің сұлулығыңыз бен тартымдылығыңызға сенімді болсаңыз, үстіңіздегі киім де маңызын жоғалтады. Сонда ғана барлық назар сізге ауады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар