Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам шашын 54 жыл алмай 5 жарым метрге өсірді (видео)

Қытайдың Сычуань провинциясында ер адам шашын 5 жарым метрге өсірді. 

Ер адам шашын 54 жыл алмай 5 жарым метрге өсірді

77 жастағы Акэ Ичжэн 54 жыл шашын алмағанын айтты. 23 жасында шашын өсіруді ойлаған. Мұны денсаулыққа пайдалы деп тауыпты. Айтуынша, 1970 жылдың соңында егер шашын қысқартса, 3 мың юань беруді ұсынғандар бар. 

Ұзын шашы айтарлықтай кедергі келтіреді, бірақ ер адам оған әбден үйреніп кеткен. 

"Ол үшін ұзын шашы үйреншікті болып кетті. Айына екі рет шаштаразда болады. Оның шашын түзулеп береді. Үш сағатта 2-3 адам айналысады", - дейді келіні. 


Шаштаразшы оның ұзын шашын видеоға түсіріп жариялады. Ролик Қытай елінде көп тарап кетті. Пікір жазушылар Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін шашының ұзындығын ресми түрде тіркеу керек екенін айтады. 

Гиннестің рекордтар кітабында ең ұзын шашты Се Цюпин есімді қытайлық әйел. Оның шашының ұзындығ 5-627 метр. Алайда ер адамдардың ұзын шашы туралы рекорд жоқ. Тек кеудесі (23,5 см) мен қолы (21,7см), аяғындағы (22,46 см) жүнінің ұзындығы жазылған ер адамдар бар.


STAN.KZ
Сәрсенбі, 03 Сәуір, 2019 12:46
Талқылау