Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам селфидің арқасында 99 жылға отыруы мүмкін түрмеден құтылып кетті

Американдық Кристофер Прекопия селфидің арқасында 99 жылға отыруы мүмкін түрмедегі жазадан құтылып кетті. Ер адам суреттің көмегімен бұрынғы сүйіктісінің өміріне қауіп төнген оқиғаға қатысы жоқ екенін дәлелдей алды. Ал, бойжеткен бұрынғы ғашығын өміріне шабуыл жасады деп, оны 99 жылға соттатпақшы болған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ер адам селфидің арқасында 99 жылға отыруы мүмкін түрмеден құтылып кетті

Бойжеткеннің айтуынша, ер адам оның үйіне кіріп, ұрып-соғып, кеудесін пышақпен тіліп кеткен. Айыптау тек жәбірленушінің сөздеріне негізделген. Ал Прекопия шабуыл болған күні отбасымен бірге қылмыс орнынан 65 шақырым жерде болғанын айтып, бойжеткенге жасалған шабуылға еш қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Ақыры жала жабылған ер адам 150 мың доллар кепілмен түрмеден босатылып шықты. Кейінірек, Прекопияның анасы қызға шабуыл жасалған күні, ұлымен бірге қонақүйден кешкі ас ішкендерін есіне түсірді. Сондай-ақ, әйел кешкі аста ұлымен суретке түсіп, геолокациясын белгілеп, әлеуметтік желіге жариялаған екен.

Ал дәл сол селфи атышулы істе шешуші фактор болды. Полиция жас жігіттің кінәсіз екенін дәлелдейтін суретті көріп, оның бұл іске қатысы жоқ екеніне сенді. Біраз уақыттан кейін, дәл осындай айыппен бойжеткеннің бұрынғы сүйіктісінен кек алмақшы болғаны анықталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау