Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам сал болып қалған анасын 15 жыл бойы арқалап жүрген

Қытай тұрғыны Ван Сяньцян сал болып қалған анасын 15 жыл бойы арқалап жүр.

Ер адам сал болып қалған анасын 15 жыл бойы арқалап жүрген

Бұл туралы Asia One порталына сілтеме жасап Stan.kz жазады.

2003 жылы мүгедек әйеліне қамқор болып жүрген Ванның әкесі қайтыс болады. Нәтижесінде 22 жастағы жігітке анасына қамқорлық танытып, күтім көрсетуге тура келеді. Ол жақсы жердегі жұмысынан кетіп, анасын асырау үшін, оны арқалап жүріп бір қаладан екінші қалаға барып, жұмыс іздеген. Анасы теңіз ауруының өте ауыр түрінен зардап шегетіндіктен, ер адам оны көлікпен алып жүре алмаған екен. Тіпті, Ван азғантай жалақыға жұмыс істеуге келіссе де, ол жұмыс кестесінің икемді болғанын сұрапты. Алайда жұмыс берушілер оның «тым көп сұрайтынын» айтып, жұмысқа алмай қойыпты.

Ер адам сал болып қалған анасын 15 жыл бойы арқалап жүрген

2015 жылы Ван киім шығаратын фабрикадан тұрақты жұмыс тапқан. Алайда фабрика 1,5 жылдан кейін жабылып қалады. Нәтижесінде отбасы туған аулына қайтып оралуды ұйғарған.

Оның оқиғасы ауылдастарының жүрегін елжіретіп, олар Ванға тазалықшы жұмысын ұсынып, әлеуметтік көмек алуына жәрдемдескен. Ауылдастарының қолдауының нәтижесінде ол үкіметтен анасы мен өзі үшін үй алды.

Ванның оқиғасы желіде пайда болғаннан кейін желі қолданушылары оның анасына деген махаббаты мен қамқорлығына тәнті болып, анасына мүгедектер арбасын сатып алуға ақша жинап беретіндерін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау