Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам өз аяғын қуырып, онымен достарын тамақтандырған

Американдық ер адам өзінің аяғын қуырып, онымен достарын тамақтандырғанын айтып берді.

Ер адам өз аяғын қуырып, онымен достарын тамақтандырған

Бұл туралы Vice басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен өзінің кесілген аяғының бір бөлігін жеп көрген адаммын», – деп жазды Reddit желісінде IncrediblyShinyShart лақап атымен тіркелген қолданушы.

Ол екі жыл бұрын апатқа түсіп, ауыр жарақат алғанын айтты. Салдарынан ер адамның аяғының тізеден төмен бөлігін кесуге тура келіпті. Мұнан кейін дәрігерлер ер адамға кесілген аяғын қайтарып берген.

Артынша ер адам достарымен бірге өз аяғын қуырып жеген. Өз сөзіне дәлел болу үшін, ол екіге бөлінген адам аяғының суретін жариялады.

«Дәмі енеке етінің дәміне ұқсайды. Алайда шайнау қиындау. Еті көп, майы аз», – дейді IncrediblyShinyShart.

Ер адамның сөзінше, бастапқыда ол аяғын тұлып жасаушыға бермекші немесе лиофилдеу арқылы консервілеп қоймай болған. Алайда бұл ойы іске аспапты. Тұлып жасаушы оның ұсынысын шын деп қабылдамаған. Ал консервілеу өте қымбатқа түскен.

Сол кезде IncrediblyShinyShart достарын жинап, олармен бірге адам аяғының дәмін татып көруді ұйғарған.

«Мен 11 адамды шақырдым. Мен бұрын олардан «мүмкіндік туған жағдайда адамның етін жейтін бе едіңдер?»  деп сұрағанмын. Достарым жиналғанда, осы сөзімді естеріне салдым. Міне, өз сөзіңе жауап беру керек. Олардан мұндай әрекетке баруға қаншалықты дайын екендерін сұрадым», – дейді ер адам.

Мұнан кейін ер адамның аяғынан жасалған астың дәмін татып көруге оның бұрынғы сүйіктісі, достары, бір-екі танысы мен олардың қызы келген. Оның таныстарының ішінде аспаз да болған. Ал шақырылғандардың біреуі ғана мұндай ұсыныстан бас тартыпты.

Достар екі күн ойланғаннан кейін, аспаз бұл істі өзі қолға алуды жөн көрген. Ол етті маринадтап қойып, артынша оны пияз, бұрын және лайм шырынымен қуырған. Мұнан кейін тамақты жүгері нандарына салып, бетіне қанжапырақ тұздығын құйыпты. Осылайша аспаз мексикалықтардың дәстүрлі асы – таконы әзірлеген.

Мұнан кейін IncrediblyShinyShart аталған рецепті ғаламторда жариялады.

Ер адамның сөзінше, мұндай біртүрлі ас өзінің аяғы кесілгені туралы жағымсыз естеліктен арылуға көмектесіпті.

«Мен адамдарға шабуылдап, олардың бетін тырнауды ойға да алмайды. Менің бұдан да басқа ерекше, дұрыс нәрсе жасауға мүмкіндігім болды. Бірақ дәл осы әрекетім өте қызық болды. Енді бұл жағдайды өзгелерге айтып жүре аламын», – дейді IncrediblyShinyShart.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау