Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адам мақталы таяқшамен құлағын тазалаймын деп миын зақымдап алды

Ұлыбританияда ер адам құлағын мақталы таяқшамен тазалаймын деп миын зақымдап алды. Оның миы қабынып, ірің пайда болған.

Ер адам мақталы таяқшамен құлағын тазалаймын деп миын зақымдап алды

Бұл туралы The British Medical Journal журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

31 жастағы ер адам сол жақ құлағының қатты ауыратынын айтып, дәрігерге шағымданған. Пациент құлағының ауырғанын 10 күн болғанын мойындап, сонымен қатар басы ауырып, жүрегі айнып, құсатынын айтыпты. Сол кезде терапевт дәрігер оған құлақ инфекциясына қарсы антиботик жазып беріпті. 
Дәрі көмектеспегеннен кейін ер адам есінен танып қалып, ауруханаға жеткізілген. Ол дәрігерлерге есінен танып қалғаннан бірнеше күн бұрын адамдардың есімін әрең есіне түсіріп, біртүрлі халде болғанын айтады. Сондай-ақ, ол соңғы 5 жылда сол құлағы нашар естігенін жеткізген.

Дәрігерлер пациентті компьютерлі томографияға түсіріп, оның миында жиналып қалған іріңді тапты. Ал есту жолында бөгде зат болған. Артынша дәрігерлер оған ота жасау туралы шешім қабылдады. Процедура кезінде дәрігерлер ер адамның ауруына құлағында қалып қалған мақта себеп болғанын анықтады. 

Отадан кейін 10 апта өткен соң пациенттің жағдайы жақсарды. Дәрігерлердің сөзінше, оны құлағының ауруы мазаламайтын болған. 
Ер адам бұдан былай құлағын мақталы таяқшамен тазаламауға уәде берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр