Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам досының жүкті әйелін оның көзінше аяусыз сабап тастады

Техаста жүкті әйелді күйеуінің досы аяусыз сабап тастады. Оның құрсағындағы бала ғажайыптың күшімен аман қалды.

2679797

Әйелін ұрып жатқан сәтте күйеуі видеохабарлама арқылы бақылап тұрған.

Күйеуінің Кори Мосс есімді досы анасымен ұрысып қалған  соң осындай қылмысқа барған. Ол досының әйелін пышақтап, беті мен мойны, кеудесін жарақаттаған.

Жүкті әйелдің күйеуі сол сәтте әскери борышын атқарып жүреді. Әйелімен видеохабарлама арқылы сөйлесіп отырғанда ауыр жайттың куәсі болған.

Әйелі ер адамнан құрсағындағы баласына зақым келтірмеуін өтініп жалынады. Шабуылдан соң әйел денесінің бәрі сал болып қалғанына қарамастан, телефон тұтқасына жетіп, полиция шақыртады. Әйелге дәрігерлер бірнеше ота жасаған.

Күйеуі тез арада Катардан келіп жетті. Қанша ауыр соққы алғанымен әйел сәбиін аман-есен босанды.

Қылмыскер 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 15 жылдан соң мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

9 айлық сәби пойызда аптап ыстықтан есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түскен

ШҚО тұрғындары мәйітті үй ауласына көмбекші болған адамды видеоға түсіріп алды (видео)

Есімін елбасының құрметіне қойған Нұрәбіназға имамдар атын ауыстыруға кеңес берген

Талқылау