Ер адам басына кіріп кеткен шегемен екі жыл жүрген
Ресейдің Хабаровск өңіріндегі Эльбан аулының тұрғыны басына кіріп кеткен шегемен екі жыл өмір сүрген. Таяуда дәрігерлер оның жұтқыншағынан бөгде затты алып шықты.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Губерния» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде басына құрылыс шегесі кіріп кетіпті. Басындағы жара үлкен болмағандықтан, ер адам оған бриллиант жасылын жағып, сол күйі мән бермеген.
2018 жылы пациент ауруханаға барып, есту қабілетінің нашарлағанына шағымданады. Оған рентген жасалып, нәтижесінде басында шеге бар екені анықталған.
Дәрігерлер оның басындағы шегені алып тастау үшін ота жасады. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, хирургиялық ота пациенттің өлімімен аяқталуы мүмкін еді. Себебі басының шеге кіріп кеткен бөлігінің жанында миды қанмен қамтамасыз ететін тамырлар болған. Сонымен қатар бөгде заттың ер адамның жұтқыншағында тұрғанына екі жыл болған. Соның салдарынан жұтқыншағы қабынып, ірі қан тамырлары зақымдала бастаған. Ағзадағы мұндай өзгерістер көп қан кетуіне алып келуі мүмкін көрінеді.
Абырой болғанда, ота сәтті өтті. Қазіргі уақытта ер адам аураханадан шығуға дайындалуда.