Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам балконнан құлап кеткен семіз мысықтың иесін сотқа берді

Италияда ер адам балконнан құлап кеткен семіз мысықтың иесін сотқа берді. Мысық ер адамның басына құлап, мойнына зақым келтірген.

Ер адам балконнан құлап кеткен семіз мысықтың иесін сотқа берді

Бұл туралы Corriere della sera басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға мемлекеттің солтүстігіндегі Турин қаласында орын алған. 56 жастағы ер адам базарға бара жатқан кезде, салмағы 5,8 келі болатын мысық балконнан басына құлаған. Салдарынан мысық сол жерде өліп қалса, ер адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оның мойны мен омыртқасы зақымданған екен.

Артынша ер адам мысықтың иесін сотқа беріп, оны жануарды жеткілікті түрде бақыламады және денсаулығына абайсызда зиян келтірді деп айыптады.

Өз кезегінде әйел үй жануарына дұрыс қарамағаны үшін, муниципалдық билікке айыппұл төледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау