Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ер адам әйелін құтқарамын деп туған анасы мен бір жасар ұлынан айырылып қалды
Индонезияның Суматра аралының тұрғыны цунами кезінде әйелін құтқарамын деп анасы мен баласынан айырылып қалды.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
46 жастағы Удин Ахока ұйқыға жатқаннан кейін, үйін толқын шайып кеткен. Ер адам ояна сала 70 жастағы анасы мен бір жасар ұлын құтқаруға асыққан. Алайда осы кезде әйелінің суға кетіп бара жатқанын көріпті.
Ер адам бірден әйеліне қара жүгіріп, оны құтқарып қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Ерлі-зайыпты аман қалып, эвакуацияланды. Артынша құтқарушылар Ахоканың анасы мен ұлының мүрдесін үйіндінің астынан тауып алды.
«Анам мен ұлымды құтқаруға уақытым болмады. Соған қатты өкінемін», – дейді ер адам.
Еске сала кетсек, 22 желтоқсанда Индонезияда биіктігі 2-ден 6 метрге дейін жететін цунами болған еді. салдарынан кемі 429 адам көз жұмып, тағы 150-і жоғалып кетті.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды