Ер адам әйелімен жанжалдан кейін 8 айлық қызын бауыздап өлтірді
Ресейдің Ставрополь өлкесінің Грачевск ауданындағы Бешпағыр ауылында қайғылы оқиға орын алды. Жергілікті тұрғын әйелімен жанжалдан кейін, ашулы күйде қолына пышақ алып, 8 айлық қызына бірнеше рет сұғып алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке орай, пышақжарақатын алған емшектегі бала сол жерде қайтыс болып кетті. Ал, ер адам туған қызын бауыздап өлтіргеннен кейін өзіне қол салмақ болды. Дегенмен, полиция дер кезінде жетіп, оны ұстап, алғашқы көмек көрсету үшін медициналық мекемеге апарды.
Енді, күдіктіні сот күтіп тұр. Ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы «кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша айыпталуда. Қолданыстағы заңға сәйкес, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту