Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам апат кезінде жоғалтып алған қолын іздеп таба алмай жүр

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Томз-Ривер елді-мекенінің полициясы көшеде қатты жылдамдықпен жүріп қолынан айырылған мотоциклшінің қолын 2 күн бойы таба алмады.

Ер адам жоғалтып алған қолын іздеп таба алмай жүр

Бұл туралы NJ.com сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

30 тамызда таңертеңгі уақытта 36 жастағы Рональд Вэнерсдейл бірнеше мотоциклшімен бірге қалада жарысқан. Алайда ер адам мотоциклді басқара алмай, апатқа ұшырады. Ол апат орнынан 90 метр, ал мотоцикл 230 метр қашық жерге ұшып түсіпті.

Апат кезінде Вэнерсдейлдің қолының шынтағынан төменгі бөлігі жұлынып кеткен. Оқиға орнына дер кезінде келген полицей ер адамның қолына бұрау салып, аман алып қалған. Артынша мотоциклші арауханаға жеткізілген. Ол әлі де ауруханада емделіп жатыр. Ал полиция ер адамның қолын іздестіріп жатыр.

Мотоциклшінің жұлынып кеткен қолы із-түссіз жоғалып кеткен. Полицейлер барын салғанымен, апат орнынан қол табылмады. Өз кезегінде полиция тұрғындардыВэнерсдейлдің қолын тауып алған жағдайда, қайтарып беруге шақырды.

Сонымен қатар мотоциклшінің қолын іздестіруге су астын тексере алатын полицейлерді қоспақ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін АҚШ-та ер адам өз аяғын қуырып, онымен достарын тамақтандырған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау