Ер адам 5-қабаттан құлаған баланы қағып алды (видео)
Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр ауданы Инин қаласында ер адам бүлдіршінді құтқарып қалды.
Ер адам 5-қабаттан құлаған баланы аман алып қалды. Екі жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалған. Куәгерлердің айтуынша, егде жастағы адамдар баланы құтқаруға ұмтылған. Олардың ішінде жас жігіт бірінші болып жетіп үлгерді.
Баланы 28 жастағы жігіт Тоник Тұрганбек құтқарды. Бала жігіттің үстіне құлады.
"Мен оған қарағанымда төменге құлап келеді екен. Оған тұра ұмтылып, қағып алдым. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Бір сәтке есімнен танып қалдым. Есімді жиғанда айналамда адамдар, полицейлер жүр екен", -- дейді Тұрғанбек.
Жігіт пен бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Ұл бала ауыр жарақат алған жоқ. Тұрғанбектің басы мен қолы жарақаттанып қалды.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?