Енді көлігі мен пәтерін сатқан қазақстандықтар зейнетақы қорына жарна аударуға міндетті
Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға жаңа өзгеріс енгізілді. Ендігі уақытта пәтері мен көлігін сатқан қазақстандықтар түскен қаржының 10 пайызын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударып отыруға міндетті.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Uchet.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
“Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңға енгізілген өзгеріс 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап күшіне енді.
Жаңа заңға сәйкес, азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша табыс тапқан физикалық тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына табыстың 10 пайызын аударып отыруға міндетті. Алайда жарна ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызынан (яғни, 28 284 теңгеден) және 75-еселенген АЕК-тің 10 пайызынан жоғары болмауы тиіс.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"