Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар көліктерін кез келген ХҚКО-да тіркей алады

Қазақстандық жүргізушілер көліктерін әдеттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып тіркей алады. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянова желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Лукьянинаның айтуынша, ауданаралық және аудандық тіркеу -емтихан бекеттерін (ТЕБ) біртіндеп қайта көшіру жұмыстары жүргізілуде. Оның мақсаты – жол қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Жаңа мүмкіндіктер ІІМ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып атқарылады.

“Қазіргі уақытта 10 облыста  23 ТЕБ-ті аудандық ХҚКО-на орналастыру үшін дайындық шаралары жүргізілуде. Бекеттер жақын арада жұмыс істей бастайды”, – деп жазған Лукьянина.

Бұл  ХҚКО-ға келген азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алумен қатар көлікті тіркеп, жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік береді.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы парақшасында жақында ашылатын тіркеу -емтихан бекеттерінің (ТЕБ) тізімін де жазған.

Тағы оқыңыз:

Астаналықтың желідегі дәлелсіз жаласынан кейін өрт сөндірушілердің үйіне “қатты тінту” жүргізілді

Молдова кәсіпкерінің ісі: Әділет министрлігі Вашингтон сотының шешімі туралы пікір білдірді

Сағынтаев: Кемероводағы қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек

Павлодарда көлік жүргізу құқығынан айырылған шенеунік тағы да рөлге мас күйінде отырған

 

Талқылау