ЖОО-лар ҰБТ тапсыра алмағандарды да оқуға қабылдай беретін болды
Биылғы жылы ел билігі түлектердің Жоғары оқу орнына түсуіне барлық жағдайды жасады. Алдымен бір рет ұлттық бірыңғай тест тапсыра алмаған талапкерге екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік берді.

Сурет: euroradio.fm
Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.
Бұған дейін талапкерлер ақылы түрде екінші рет тест тапсыра алатынын айтқан едік. Енді екінші мәрте қажетті балл жинай алмағандар да оқу орнын құжат тапсыра алатын болды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап, талапкерлерді барлық жоғары оқу орындары шартты түрде қабылдайды.
-«Шартты түрде қабылданған студент бір семестр бойы Ұлттық бірыңғай тест бағдарламасына дайындалатын болады. Сосын қаңтар айында үшінші рет тет тапсырады. Одан 50 балл жинаса, өтеді. Оның оқыған семестр уақыты да есепке алынады», – дейді ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
Шенеунік шартты түрде оқудың ережесі қол қою сатысында екенін атап өтті.
Елена Балова
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"