Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрлігі үйі мен көлігін сатқандардың зейнетақы қорына ақша аударуы туралы ақпаратқа түсінік берді

Еңбек министрлігі қазақстандықтардың жеке мүлкін сатқандағы табысның 10 пайызын мемлекетке төлеу керек деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Вице-министр Светлана Жақыпова ақпаратты жоққа шығарды.

«Мекеме жұмысшысы үшін жалақысы оның табысы. Жеке кәсіпкерлер кәсібінен табыс табады. Жеке нотариустер көрсеткен қызметі үшін табыс көреді. Ал жеке азаматтар үшін келісім бойынша жұмыс істегенде, жалақысының көбеюіне байланысты міндетті зейнетақы жарнасы артып отырады. Ал жеке мүлкін сатқанда, жарна алынбайды», – дейді вице-министр.

14 шілде күні заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім бойынша табыс табатын жеке тұлғалар, адвокаттар, сот орындаушылары, жеке нотариустер, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер табысынан түскен ақшасын зейнетақы қорына аударады.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары төленетін табыс, сондай-ақ оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару шарттары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санкциялар 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес есептеледі.

Осыған байланысты, ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының шеңберінде министрлік «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мәселелері туралы» жобаны қолға алды.

Жобаны мемлекеттік органдар,сарапшылар қарап жатыр.

Айта кету керек, азаматтардың азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша алынған табыстары, бұрынғыдай жұмыс немесе қызмет нәтижесінде азаматтардан алынатын табыстың көлеміне қарай өседі.

Бұған дейін жеке мүлкін сатқан қазақстандықтар табысының 10 пайызын зейнетақы қорына аударуы тиіс деген ақпарат тараған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау