Ең сараң миллионер: Пол Гетти өз ұлы өлім аузында жатқанда емдеу ақысына шағымданған

Мұнай магнаты Жан Пол Гетти 1957 жылы әлемдегі ең бай адам ретінде мойындалып, бұл атағын өмірінің соңына дейін сақтаған. Алайда Гетти көпшілік арасында байлығымен емес, асқан сараңдығымен танылған, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеп Stan.kz.

Мұнай магнатының немересін ұрлап кеткенде, ол немересін қайтыру үшін ақша беруден бас тартыпты. Десе де Геттидің ақшаға деген тәуелділігі туралы мұнан да қорқынышты оқиғалар аз емес.

1966 жылы Геттидің байлығы 1,2 миллиард долларға бағаланған. Бұл бүгінгі бағамен шамамен 9 миллиард долларға жуық. Ол мұндай байлыққа өзінің Getty Oil мұнай компаниясы арқылы қол жеткізген. Алайда оның сараңдығы жақындарының өмірінде қайғылы рөл ойнады.

Геттидің бесінші әрі соңғы әйелі Тедди Гетти Гастонның (Луиза Дадли) ұлы Тимоти қатерлі ісікке шалдыққан. Ол миының қатерлі ісікке шалдығуынан соқыр болып қалғанда, әкесі аурухананың ем үшін алап еткен есеп шотына шағымданған. Тимоти өмірі үшін күресіп жатқанда, әкесі оған 4 жыл бойы бірде-бір рет қасынан табылмапты. Тіпті ол 12 жасында қайтыс болғанда да Гетти ұлының жерлеу рәсіміне келмеген. Десе де кішкентай Тимоти әкесін жақсы көрген екен.

«Бірде мен ұлымның жанында отырғанда ол ойланып кетіп, артынан: «Әкем қашан үйге келеді? Мен өзгелердікі сияқты әкем жоқ екенініе өкінемін. Қалай ойлайсың, ол шынымен мені жақсы көре ме? Менің онымен сөйлескім келеді», – деді. Ұлым ешқашан қандай да бір затты алып беруімді сұраған емес. Оның бар қалағаны – әкесін көру. Ол Полдың келмегеніне ешқашан ренжіген емес. Балам әкесін қатты жақсы көрді және оның жанында болғанын қалады», – деп жазады өз естелігінде Тедди Гетти Гастон.

Тедди ұлына келмегені үшін күйеуін кешірмеген. Дәл осы себепті ол 1958 жылы Геттимен ажырасқан. Ол баласы ауырған жылдары күйеуіне жазған хаттарында үйге бір келуін және баласына қолдау білдіруін жалынып сұраған.

Бұл уақытта Пол Гетти Англияда болған. Ол Сауд Арабиясы және Кувейтпен келіссөз жүргізіп жатады. Бұл келісім Геттиді америкалық бірінші миллиардер етуі керек еді. Гетти үйіне келуден бас тартып қоймай, баласына келетінін айтып алдаған. Ол үнемі ауруханада жатқан Тиммиге халін сұрап баруға уәде берген. Алайда бірде-бір рет уәдесін орындамаған. Сондай-ақ, әйелімен телефон арқылы сөйлескенде, дәрігерлердің ем үшін сұраған ақысына шағымданған.

Тедди Гетти Гастон мен ұлы Тимоти Гетти

Пол 1952 жылы үйіне бармақ болған. Бірақ ол тағы да өз сөзінен бас тартып, Queen Mary лайнерінің бортына отырмаған да. Тіпті, бұл туралы отбасына хабарламапты. Мұнан кейін ол Теддиге хат жазған.

«Тимми дәрігерлерден аулақ болады деп сенемін. Тек келіп тексергені үшін 10 доллар алатын дәрігерлерге ғана қаралсын. Ендігі дәрігерлер оған көмектесе алады деп ойламаймын. Олар баланы қарағаны үшін 25 доллардан артық ақша алмауы тиіс», – деп жазған хатта Гетти.

Сонымен қатар ол әйеліне Тиммиге алып берген понидің ақысын өзі төлеуі керек екенін айтады.

«Мен қашанда Полдың Тиммиді бір көруге неліктен келмейтінін ойлап, таңданатынмын. Бұл жағдай мені жегңдей жеді. Салдарынан күйеуіммен ажырастым. Тимми қайтыс болғаннан кейін Пол: «Мені қалдырма. Сен патшайымның өзінен де бай боласың», – деді. Мен бас тарттым. Себебі жаныма қатты батты», – деп жазады өз естелігінде Тедди.

Мұнан кейін Тедди өзінің досы Уильям Гастонға тұрмысқа шыққан. Олардың Луиза есімді қыздары бар. Ол Лос-Анджелесте режиссер болып жұмыс істейді. Ал Тедди 2017 жылы 8 сәуірде 103 жасында қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

Алматы әуежайы Ерлан Көкеевтің шағымына жауап берді

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар