Ең көп ұпай жинаған алматылық түлек тәжірбиесімен бөлісті

Жұма, 30 Маусым , 2017 22:55

Биыл бірде-бір түлек Ұлттық бірыңғай тестілеудің ең жоғары көрсеткішіне жете алмады. Білім министрлігінің мәліметі бойынша, ел көлеміндегі орташа балл – 80. Бұл туралы КТК хабарлайды.

8585

Тест тапсырған 88 мыңнан астам түлектің 84 пайызы шекті 50 балдан асса, 16 пайызға жуығы межеге ақыры жете алмапты.

“ҰБТ тапсыру талаптарын бұзғаны үшін, нақтырақ айтсақ ұялы телефон алып кірмек болған 12 түлек емтиханнан қуылды. Жалпы 84 мыңнан астам тыйым салынған зат тәркіленді. Оның тең жартысы электронды қондырғылар болса, қалғаны дәстүрлі шпаргалка”, – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Ел бойынша ең жоғарғы нәтижені алматылық Саят Тасан көрсетті. Бес пәннен 139 балл жинаған түлектің, десе де көңілі тоқ емес. Емтиханға екі жыл қатарынан дайындалған оқушы толық 140-ты аларына сенімді бопты. Тіпті берілген уақытты толық пайдаланбай, тапсырманы аяқтап ерте шығып кеткен. Саятты сүріндірген жалғыз сұрақ, күтпеген пәннен, оқу сауаттылығынан келіпті.

“Бір балл ғана жетпей қалғаны шынымен менің көңілімді түсіріп жіберді. Сондықтан мен қатты қуандым деп айта алмаймын. Маған қарағанда менің ата-анам, ұстаздарым, туысқандарым қатты қуанды”, – деді түлек Саят Тасан.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде діндарлар рұқсатсыз «халал балабақша» ашқан

Оралда құрылыс орнынан табылған жаңа туған сәбидің анасы ұсталды

ҚР президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Атырау облысының тұрғыны үйсіз жүрген ауылдасына баспана салып берді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар