Еңбек демалысының аздығы адам өміріне қауіпті - ғалымдар
Хельсинки университетінің кардиолог ғалымдары зерттеу жүргізіп, аз уақыттық еңбек демалысы жүрек және қан тамырлар ауруларынан көз жұму қатерін арттырып, өмір ұзақтығына әсер етеді деген шешімге келді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MedikForum басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Адам жылына кемінде 4 апта еңбек демалысында болуы керек», - дейді ғалымдар.
Зерттеуге 40 жастан асқан 1 222 ер адам қатысқан. Олардың қатарында артық салмақтан зардап шегетіндер, зиянды әдеттерге үйірлері де бар.
Қатысушылардың әрбірі жүрек-қан тамырлар аурулары бойынша қатерлі топқа кіреді екен.
Нәтижесінде ғалымдар адам өмірінің ұзақтығы оның еңбек демалысының ұзақтығымен байланысты деген тұжырым жасады. Себебі көп жағдайда салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың өзі жеткілікті түрде демалатындардан ерте қайтыс болған.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ