Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

Өмірлік махаббатын кездестіріп, шетелдің азаматына тұрмысқа шыққан танымал қазақ журналисі Жанар Байсемізова ата-анасының шетелдік күйеу балаға қалай қарағанын айтып берді.

Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

Танымал журналист бұл туралы  Еуразия арнасындағы «Әйел сыры» бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шетелдің азаматына күйеуге шықты деп басы дауға қалған қазақ журналисі Жанар Байсемізова мұндай қатты шу болады деп ойламаған екен. Дегенмен, ол мұның бәрін халықтың өзіне деген махаббаты, қимастық сезімі мен қызғаныш деп қабылдапты.

Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

 

«Мені көп адамның жақсы көретінін сол кезде ұғындым. Күйеуімнің ұлты итальян. Оның атасы да итальяндық, ал әжесі молдавалық. Ал нағашылары да аралас ұлт өкілі. Жолдасым одессалық болғандықтан, үйде орыс тілінде сөйлесеміз. Бірақ, қазақ тілін бір жылдан кейін үйренуге уәде берді. Анам шетелдік азаматқа тұрмысқа шығатынымды естігенде қобалжып қабылдады. Ал әкем қызымыз біздің алдымыздағы перзенттік парызын бәрін өтеді, батамды береміз деді. Негізі ұлтқа байланысты емес, бастысы жақсы адам болса болды деген. Жолдасым мұсылман. Испанияда іс сапарда жүргенде екеуміз телефонмен сөйлескенімізде ол қазір ислам діні жайлы оқып жатқандығын, «жер бетіндегі ең таза дін ислам, алдағы уақытта осы дінді қабылдайтын шығармын» деп айтқан. Бірақ, өмір бойы басқа сеніммен өскен адамға ол әрине қиын. Шынымды айтсам, бұл менің өмірімдегі ең таңғажайып Алланың кереметі болды. Ол өзі сәждеге жығылып, мұсылмандықты қабылдады”,- деді Жанар Байсемізова.

Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

Қазақ қызы осылайша мұсылман дінін қабылдаған итальян азаматымен қалай танысқанын да айта кетті.

«Негізі екеумізде жер шарын аралап жүріп келіп, Атырауда таныстық. Бұл өзі қызық таңғажайып оқиға болды. Жаратушының құдіреті керемет, шексіз. Біз барғымыз келмеген, я болмаса өзіміз үшін аса қайырлы емес деген нәрсе қайырлы болып жатады. Мен өзім де бүкіл мемлекетті, жарты әлемді аралап шықтым десем де болады. Ол да сондай. Бірақ, біздің жолымызды Атырауға түйістірді. Мен өзім Атырауға барғандағы менің де, оның да миссиясы өзіміздің тағдырымызды табу болған шығар деп ойлаймын. Екеуміз мерекелік шаралардің бірінде таныстық. Кейін ол менімен танысқанда біраз қорқақтағанын айтты. Бірақ екінші кездесуімізде маған деген ойы, ниеті түзу екенін және мені ұнатқанын білдірді. Эдуардты жұмысындағылар Едеке деп атайды. Жанар неге қазақ жігітіне шықпады деген сұраққа жауа берсем. Негізі Мұстафа Шоқайдың мынандай сөзі бар: «Жаман мемлекет жоқ, жаман адам бар» деген. Жаман адам біздің елде де бар, біздің қазақта да бар. Бұл менің маңдайыма жазылған тағдырым деп ойлаймын. Алғаш ұсыныс жасаған кезде мен де көп ойландым. Мен де қазақтың жігітіне шыққым келді. Менің осылай тұрмысқа шыққаным жалпы қазақ қыздарының басқа ұлттың азаматтарына тұрмыс шықсын деген насихат емес, әркімнің өзі тағдыры, өзі кармасы бар. Әркім өзінің өмірлік тәжірбиесін алып жүреді»,-деді Жанар.

Ең үлкен, ұлы махаббат: Танымал қазақ журналисі шетелдік күйеуіне ата-анасының қалай қарағанын айтып берді

Сондай-ақ, махаббаттың сыйластық, түсіністік екенін түсінген Жанар осыны өміріндегі ең үлкен, ең ұлы махаббат деп санайды екен.

«Мен махаббаттың басқаша екенін түсіндім. Махаббат ол – құштарлық, махаббат ол– біреуге қол жетпей, соның соңынан жүгіру емес, махаббат бұл –сыйластық, түсіністік, сенім. Махаббат – сенің өміріңе басқа біреудің жауапкершілік алуы. Ол менің өміріме жауапкершілік алды, мені қолына қондырып, мәпелеп, үлкен құрмет көрсетті. Сондықтан да мен осыны өмірімдегі ең үлкен, ең ұлы махаббат деп ойлаймын. Бас кезінде әрине оның сезімі басым болды, ал мен қазақ болған ғой деген оймен жүрдім. Бірақ қазір мен оны шын сүйемін және ол махаббатым күннен күнге секунд сайын өсіп жатыр»,- қазақ журналисі.

Тағы оқыңыз: 

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың әндерін ұрлап айтып жүргендерге қатысты пікір білдірді

Ақбота Сейітмағамбет: Жеке өмірімнен хайп жасаймын деген ой болған жоқ

Мені, кәрі күнәһарды да кешір: Тұрым Алагөзов келіні Баяннан кешірім сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар