Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қарап отырамын деп алдым": Қайрат Нұртастың әкесі әйелін жер-көкке сыйдырмай мақтады

Теледидардың экранын алып тастап қарап отырамын деген Гүлзира Айдарбекованың жары Нұртас Айдарбектің жазбасы халықтың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Продюсердің күйеуі әлеуметтік желідегі парақшасында «Махаббат әлемі» концертінде өнер көрсеткен видеосын жүктеп, Айдарбекованы мақтады. Нұртас Айдарбек теледидардың экранын алып тастап, Гүлзира ханымды отырғызып, сұлулығына тамсанып отыруды армандаған сыңайлы.

«Сені алсам, теледидардың экраннын алып тастап, орнына сені отырғызып, қарап отырамын деп алған әйеліміз ғой! Сөйтіп жүргенде елуден асып кетіппіз ғой, ағайын. Балалардың аналары, аман болыңыздар! Ораза қабыл болсын!» - деп жазды Нұртас Айдарбек.

Мұны көрген жұрт жұлдызды отбасына қызығушылық танытып, ақ тілегін жаудырды.

«Нұртас аға керемет әншісіз, мінезіңіз де көркем», «Шіркін-ай, бізге де осылай бақ бұйырса ғой», «Керемет жар, керемет əке, керемет атасыз! Бақытты болыңыздар!», «Өте сүйкімді жансыздар, жұптарыңыз жазылмасын! Ниеттеріңіз қабыл болсын!» - десті жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр