Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордадағы жер үсті метросының құрылысы қайта қаржыландырылғаннан кейін жалғасады

Елордадағы LRT жер үсті метросының құрылысын аяқтау үшін қазақстандық қаржы тартылады. Бұл туралы бірінші вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елордадағы жер үсті метросының құрылысы қайта қаржыландырылғаннан кейін жалғасады

«Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT жобасының іске асырылуына келер болсақ,ол жалғастыруды қажетсінеді. Бұл инфрақұрылымдық жоба әрі қарай әске асырылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік Даму банкімен (Қытайдың – ред.) тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл қарызды қайта қаржыландыру туралы келісетін шығармыз», - дейді Смайылов. 

Сонымен қатар министр аталған жобаны қаржыландыру үшін, мемлекеттен қаржы табылатынын айтты.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік Даму банкінің (Қытайдың – ред.) желісі бойынша жүзеге асыруда қиындықтар туындап отырғандықтан, бұл мәселелер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бағытталады. Біз қайта қаржыландыру жолдарын басқа көздердің есебінен табамыз», - дейді қаржы министрі. 

Бұған дейін Қытайдың Даму банкі LRT құрылысы үшін 20 жылға 2,5 пайыз жылдық мөлшерлемемен 1,9 млрд доллар көлемінде несие берген еді. 

Еске сала кетсек, 16 сәуірде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жер үсті метросының құрылысы тоқтағаны туралы мәлімдеген еді.
 

Талқылау