Елордада полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен екі оқушы марапатталды
Елордада полицияға көмектесіп, балаларды қарумен қорқытқан ер адамды ұстауға көмеккен мектеп оқушыларын марапаттады.

№27 және №37 орта мектептердің оқушылары Дильнұр Амангелдиев пен Данияр Аскаровтың алғыс хат пен сыйлық алды.
"Батыр оқушыларды Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Рустам Шарибаев құттықтады", - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.
Оқиға 12 маусымда үйдің ауласында болды. Ер адам тапаншамен мас күйінде кәмілетке толмағандарды қорқытты. Аулада болған екі оқушы ер адамды полицияға ұстап беруге көмектесті.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі. Ер адамның тапаншасы пневматикалық қару екені анықталды.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық