Елордада мешітте намаз оқып жатқан адамдардың заттарын ұрлап келген ұры ұсталды
Елордада полиция мешіттерде ұрлық жасап жүрген Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады. 26 жастағы ер адам бұған дейін сотталған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, ер адам күндіз мешітке кіріп, келушілердің сырт киімінің қалтасынан ақша мен ұялы телефондарын ұрлаған. Сонымен қатар ол түнгі уақытта ашық подъездерден велосипедтерді ұрлапты.
Күдікті бір айда 8 қылмыс жасағанын мойындады.
«Заттай айғақтар тәркіленіп, ҚР ҚК 188-бабына (Ұрлық) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оның осы тәрізді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», - дейді полициядағылар.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті күдіктінің заңға қайшы әрекетінен зардап шеккендерден полицияға жүгінуін сұрады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматтарды мұқият болуға, жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге