Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада бірден бірнеше көлік жол апатына ұшырады

Елордада бірнеше көлік бірден жол апатына ұшырады! Қаланың қақ ортасында болған оқиға салдарынан бір адам ауыр жараланған, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (123)

Оқыс оқиға таңертең Астананың үлкен даңғылдарының бірі – Бауыржан Момышұлы көшесінде болды. Болжам бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан Тойотаның жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, қатарынан үш көлікпен соқтығысып қалған. Салдарынан сол Тойотаның 23 жастағы жүргізушісі ауыр жараланып ауруханаға жеткізілді. Қалғандарын дәрігерлер қарап, үйлеріне жіберген.

Талқылау