Елорда маңындағы ұшақ апаты: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды
Елорда маңындағы Ан-2 ұшағының апатының салдарынан зардап шеккен екі адамның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққа сілтеме жасап.

Апат салдарынан зардап шеккен ер адам қаладағы Темір жол ауруханасында жатқан. Ол ауруханада көз жұмды. Осылайша, ұшақ апатынан құрбан болғандардың саны екі адамға жетті.
Еске сала кетсек, 20 маусымда, сағат 10:00 шамасында Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты болды. Ан-2 ұшағы құлап, салдарынан ұшқыш көз жұмды. Сонымен қатар экипаждың екі мүшесі зардап шеккен еді.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан