Еліміздің әр аймағындағы “Қалың мал” бағасы анықталды

Сәрсенбі, 31 Мамыр , 2017 12:09

Қалың мал қазақ халқының бұрыннан келе жатқан салт дәстүрі. «Қыз мұраты кету, жол мұраты жету», «Қыз өссе елдің көркі». «Қыз қонақ»,- деп қазақ халқы қыздарын қатты сыйлайды. Міне сол себептенде болар, қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп өсіріп бойжеткізеді.

20170529190119_82249

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Кейін қыздарын тұрмысқа беріп жатады. Артынан төсек орын, қыз жасауын апарып береді.  Қай ата-ана болса да қыздарының барған жерінде тастай батып, балдай сіңіп кеткенін, бақытты болғанын қалайды. Құда түсу рәсімі келісілгеннен кейін, күйеу жағы қалың мал төлейді. Қалың мал – ұзатылған қыздың туыстарына жасайтын сый болғанымен, еліміздің әр қаласында өзгеше сый-құрмет көрсетіледі.

Алматы, Алматы облысы 100 000 – 500 000тг аралығы

Алматы, Алматы облыстарында ең төменгі қалың малы – 100 – 150 мың теңге. Ал, ең жоғарғысы 500 мың мен 1 млн-ға дейін бар жатады. Киіт, алтын, күміс т,б бұйымдарды бұл жақтың құдалары екі жақта алдын-ала кездесіп ақылдасады. Сонымен қатар, Тіпті, кейбіреулері қыз жақ пен күйеу жақта қаржыларын қосып  ақылдасып екі жастың шаңырақ көтергендеріне сыйлық ретінде пәтер, авто көлік алып береді.

20170529184854_62101

Шымкент, Тараз, Қызылорда  – 500 000  – 5 000 000 тг

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының халқы салт-дәстүрді өте қатты ұстанады. Менің естуімше шымқалада бойжеткендердің Жоғарғы оқу орнында немесе колледжде оқығаны немесе орта мектепте ғана білім алғандары ескеріліп жатады дейді. Егерде дипломы бар болса онда ол қыздың бағасы көбірек, ал оқымаған болса төменірек болады екен. Сонымен қатар, қыз жасауы да осы артынан алып келген қалың малға да сай болу керек екен.

Мысалға, 1 000 000 теңге апарып жатса тіпті одан асып кетсе үйге қажетті барлық заттар апаруы керек екен. Тағы да, айтатын жайт қыз жасауына су жаңа төрт мезгіл киім-кешек, аяқ киім, бет әрлеп бояйтын опа, далап, косметикаларына дейін апарып береді.

Атырау, Ақтөбе, Семей – 100 000 тг – 1000 АҚШ доллары

Солтүстік, батыс аймақтарда қалың малдың нақты құны деген жоқ.

Атырау қаласында той малы деп ірі қара мал апарып береді. Ал мал ұстамайтындар ақшалай 100 мың теңге көлемінде апарады. Ана сүтінің парызы депте қаржылай 1000 доллардай береді. Содан кейін киіттесу дегендері бар. Қыз жақтың туыстарындағы әр  үйдің ерлі-зайыптыларына сыйлық жасап келеді. Тағы да, айта кететін жайт, бұл жақта қыздың ауылынан тізім келеді екен.

«Ақтөбенің қыздары тегін бе»,- жоқ, бұлай деген себебім, бұл өңірде «қалың мал» деген салт жоқ. Бұл жақтың халқы көбіне екі жастың бақыты үшін деп тойды дүркіретіп өткізуді ойлайды. Көбінесе тойға қатты шығынданады екен.   Басты қалың малдың кәдесі «Ана сүті» деп аталады. Мұның өзін шама-шарқылары келгенше, жағдайға қарай ең жоғарғысы 1000 доллардай, ал ең төменгі сомасы 100 мыңдай. Бірақта, менің естуімше бай, ауқаттылары бұл аталған сомалардан да жоғары әкеліп беріп жатады екен.

20170529190203_59638

Семейде де қалың мал деген мүлдем жат екен. Бұл жақтыңда қалың малдарының ең бастысы «Ана сүті», «Әке күші» деп аталады. Осы екеуін қосып үстіне кілем жауып бір жылқы алып кеп береді екен, егерде мал ұстамаса ақшалай береді. Бұл жерде, қыздың ауылдастары мен туыстары үшін 20 метрдей мата алып келеді екен, мұның өзі 100 мың теңгеден кем түспейді екен.

Енді әркімде ұят болмасын, ел-жұрт бар деп, қолынан келгендерін апарады ғой. Балалары үшін әр ата-анада ішкен астарын төгеді емес пе. Бірақта қанша осылай ойласақта мен Қазақстандағы әр қалалардың келіндеріне апаратын қалың малдарына жасаған шолуымда әр жақтың салты, әртүрлі екеніне көзім жетті.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордалық қалың мал мен беташарды білмейтін құдаларына ренжіп, жастарды ажыратқан

1 млн теңге қалың малын төлеп үйленер күні қалыңдығы өзге жігітпен қашып кеткен

Ата-аналар қалыңмал төлеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Басқа облыстарда қайдам, ал Шымкент жақта қыздың “қалың малына” жарты миллион алса – ол ақшаға қыздың ата-анасы курортқа кетіп жатқан жоқ немесе киініп жатқан жоқ. Керісінше, сол жарты миллионға бір-екі миллион қосып, қыздың жасауын апарып жатқан жоқ па! Шымкентте келін алғанға қарағанда қыз ұзатқан 2-3 есе қымбат түсетінін білмейсіздер ме сонда? Бұл озығы бар дəстүр ме жоқ тозығы жеткен дəстүр ме білмедім, бірақ қыздың қалың малы – қыздың ата-анасына жəне отау құрған жастарға əжептеуір көмегін тигізері анық. Қазақ атамыз бекерден бекер шығармаған шығар бұл дəстүрді, шариғатқа да сүйенген шығар? Дана халық екеніміз рас болса – дəстүрді ұстанбасқа шара жоқ. Дəстүрлерімізді қадірлейік ағайындар! Ал қалың мал сомасына келсек – “келісе пішкен тон – келте болмас”!

  • Anonymous says:

    Біздің батыстың қыздары бәрінен де сұлу, сондықтан 1миллион сұраймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар