Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Тәуелсіздік күні аяз болады деп болжануда

Синоптиктер желтоқсан айына арналған ауа-райы болжамын мәлімдеді. Елімізде Тәуелсіздік күні суық болады деп болжануда.

Қазақстанда Тәуелсіздік күні аяз болады деп болжануда

Болжамға сәйкес, Батыс Қазақстан, Солтүтсік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей бөлігінде орташа ауа температурасы 1°С-ты құрайды. Еліміздің өзге аймақтарында күн қалыпты температурада болмақ.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жауы-шашын аз мөлшерде түседі. Ал, Батыс Қазақстан, Солтүтсік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Ақтөбенің, Қостанайдың кей аймағы мен Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы. Жамбыл, Оңтүстік Қазақтан облысының таулы аудандарына көп мөлшерде түседі.

Желтоқсанда атмосфралық фронттар мен белсенді циклон әсерінен солтүстік жарты аймағында қар жауып, жел күшейеді, ал оңтүстік жарты аймағында тұман мен көктайғақ болады. 5-8, 13-16 желтоқсан аралығында қоңыржай ауа температурасы сақталады.

Батыста 13-14 желтоқсан күні түнде 23, 28 градус аяз, күндіз 17-22 градус, солтүстік пен орталық, шығыста 14-16 желтоқсан күні түнде 25-33 градус аяз, күндіз 20-25, оңтүстікте түнде 13-20 градус аяз, күндіз 8-13 градусты көрсетеді.

Желтоқсанның басы мен соңына ауа температурасы күрт төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жарты аймақта түнде 30-38, күдіз 23-28 градус аяз, ал оңтүстік жарты аймағында түнде 20-25 градус, күндіз 13-18 градус деп болжанды.

Метеоролог мамандар ауа-райының өзгеруіне байланысты айтылған мәліметтерге түзетулер енгізілуі мүмкін екенін ескертеді


Тағы оқыңыз: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы мәлімет

Талқылау