Қазақстанда сатылатын балалар ойыншығынан улы химикаттар табылды

Бейсенбі, 30 Қараша , 2017 16:21

Ойыншықтағы олқылық. Қазақстанда сатылатын балалар ойыншығының 35 пайызы сыннан сүрініп, талапқа сай болмай шықты, деп хабарлайды КТК.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қорытындысы көңіл көншітпейді. Бүлдіршіндердің қолындағы қуыршықтардың құрамында фенол, формальдегид секілді улы химикаттар анықталған. Ойыншық таңдағанда тұтынушылар қандай қағидатты сақтап, сапасыз тауарды қалай ажыратуы керек?

Ананың көңілі балада, баланың бар ойы ойында. 2 жастан енді асқан Асиманың бөлмесіндегі ойыншықтардан көз сүрінеді. Алматылық  Дана Насырқызы қазір ойыншық таңдағанда, ойланып алатын болған. Өйткені, Қытайдың сапасыз қаңсығы талай рет сан соқтырды. Тез сынғаны өз алдына, өмірге қауіп төндірген сәттері де аз болмаған.

“Балаға қауіп төндіретін ойыншықтар көп.  Иісі де бар. Бала болғаннан кейін ойнайды, оны міндетті түрде аузына салады”, – Алматы қаласының тұрғыны Дана Насырқызы.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті дабыл қақты. Елдегі сүзгіден өткен ойыншықтардың 35 пайызы бала өміріне қауіпті болып шықты. Негізінен Қытайдың 73 пайыз арзанқол тауары біздің балаларды улап жатыр. Түркияның да сапасыз ойыншығы осы тізімде.  Сөзге дәйек, былтыр Алматыда Қытайдың ойыншығы бүлдіршін ішегін тесіп жіберді. «Неокуб» деп аталатын тырнақ ұшындай магнит бір жанды жазым қыла жаздады. Атқамінерлер олқылық себебін анықтаудың орнына салдарымен аттандап арпалысып жүргендей.

Ойыншық алуға келгенде көбіне ата-аналар баға арзан деп базарға барады. Бірақ, құны төмен тауардың сапасына ешкім кепілдік бермейді. Ал, мынадай арнаулы дүкендерде әр ойыншықтың  өз сертификаты болуы тиіс. Оны талап етуге әр тұтынушының құқығы бар.

Сөредегі бұл ойыншықтардың құны базардан 10-15 пайызға қымбат. Бірақ, сапасына тағар мін, жағар күйе жоқ. Дүкен тек ресми диллерлермен байланыс орнатқан. Тұтынушылар қапыда сан соғып, жарамсыз тауарға ұрынбас үшін дұрыс таңдау жасай алуды үйренуі керек дейді білікті мамандар.

“Брендті ойыншық сатып алсаңыз, қораптың сыртында штрихкоды міндетті түрде болады. Ол бойынша тауардың фирмалық, я көшірме екені туралы ақпарат ала аласыз. Сапалы ойыншықтан артық иіс шықпайды. Көбіне, ата-аналар оған мән бермейді”, – дейді дүкен қожайыны Лариса Берелина.

Комитет жүргізген тексеріс нәтижесінде бір тоннадан астам балаларға арналған тауар сатылымнан алынды. Бірақ, жылына бір-екі мәрте болатын сараптамадағы салғырттық олқылыққа толы ойыншықтардың тамырына балта шаппасы анық.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің ақыры мәйіті табылды

Ота жасатқан қазақ жігіті қауіпті инфекция жұқтырып хәл үстінде жатыр

Әнуар Нұрпейісов Назарбаев көшесі туралы әзілдеп, жұртты күлдірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар