Еліміздегі отбасылардың тек 10 пайызының ғана ортақ табысы 300 мың теңгеден асады

Еліміздегі отбасылардың тек 10 пайызының ғана ортақ табысы 300 мың теңгеден асады. Ал ай сайын бір қуаныш, бір мақсатқа деп ақша жинап жүргендердің саны 20 пайыздың ғана айналасында екен.

Еліміздегі отбасылардың тек 10 пайызының ғана ортақ табысы 300 мың теңгеден асады

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тіршілігі қайнаған  Астана. Жұрттың табысы басқа өңірлерге қарағанда әлдеқайда жоғары саналады. Дегенмен елорда тұрғыны Жұмамұрат Шәмші 300 мың теңгеден астам ақша табу үшін лауазымы жоғары қызметте болмасаң, мұндай сомаға қол жеткізу қиын деген пікірде.

«300 мыңға тіпті екеуміздің айлығымыз жетпейді. Оны мойындау керек. 200 мыңның арғы-бергі жағында аламыз. Астана қаласында істеп жатқаннан кейін осындай жалақы аламыз да мысалы. Ауылда мына Шортанды ауданында енем тұрады. Олардың жалақысы 30-40 мың теңге. Адамның күлкісі келеді, жылағысы келеді. Бір бөлке нан, сүтке жетпейді. Осылай отыра бере ме? Жылаған емес. Жылағанмен ешкім ештеңе әкеліп бермейді ғой?!» – дейді қала тұрғыны Жұмамұрат Шәмші.

Расымен де, жұрттың жылағанын көрмедік. Дегенмен маңдай термен тапқан нәпақа құлқынның қажетінен аспайды дейтіндер көп-ақ.

«Жалақымызды ала алмай жатырмыз. 2-3 ай болды. Ақша бермей жатыр деп сылтауратады.  300 мың былай тұрсын. Иә 100 мыңның өзін ала алмай жатармыз».

«Жинай алмаймыз.  Неге? Себебі көбінде баспанамыз жоқ. Тапқанымыз тамаққа кетеді, үйге кетеді.  Содан аспай ма? Аспайды!».

Әлеуметтік ахуалды сараламақ болған Ұлттық банктің зерттеуіне қарағанда азаматтардың дені теңге құнсызданады, тауарлардың бағасы қымбаттай береді деген пікірде екен. Ал айлық сол қалпы. Қазақстандықтардың дені неліктен жоғары жалақы алмайды деген сауалды Жанарыс Сабырұлына қойып көрдік.  Экономист маман былай дейді:

«Бұл ұлттық байлықтың дұрыс бөлінбеуінің салдары деп айтуға болады экономикалық тұрғыдан. Себебі, статистикаға келетін болсақ 2018 жылдың ең көп жалақы тау-кен өндірісінің директорында 13,2 миллион теңге 1 айда алға жалақы. Ал ең төменгі жалақы 16 мың теңге ол білім салындағы еден сыпырушының жалақысы. Айырмашылығы 850 есе», – дейді экономист Жанарыс Сабырұлы.

Басшы мен қосшы арасындаға жалақы алшақтығын сіз бен біз күнделікті өмірде көріп жүргеніміз рас. Тағы бір білікті маман Дәуренбек Мәжитұлының пікірінше, еңбеккке қарай төлем болса айырмашылық жермен көктей көрінбес еді деп топшылады.

«Жалақы мен еңбектің өнімділігі арасындағы экономикалық байланыс ол заңды түрде. Кім қанша көп шығарды, қандай сапада төленді оған міндетті түрде соншалықты адекватты жалақы төленуі керек. Өкінішке орай біздің нарықтық экономикаға өткендегі белгілі бір осындай қатынасты ұстап тұрмауымыз жалақы мен еңбек өнімділігі арасындағы алшақтыққа әкеліп тұр» – дейді экономист Дәуренбек Мәжитұлы.

Дәл осылай далада жатқан ақша жоқ. Әрбір тиын маңдай термен келеді. Елімізде тапқан таянғаны 300 мың теңгеге жетпейтін отбасылардың саны 90 пайызды құрап отыр. Әрине табысы жалдамалы пәтер, ішіп-жемнен аспайтын болса қорға қаражат жинау қайда? Экономист мамандардың пікірінше бұл жақсы көрсеткіш емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар