Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі отбасылардың 50 пайызы ерлердің денсаулығына байланысты перзент сүйе алмайды

Еліміздегі уролог мамандар тексерілуге келген азаматтардың бойынан түрлі инфекциялық аурулар табылғанын айтады. Стресс, депрессия, экология, ішімдік ер азаматтардың физиологиясын құртып, бала көтертуге қауқарсыз еткен, дейді.

Еліміздегі отбасылардың 50 пайызы ерлердің денсаулығына байланысты перзент сүйе алмайды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жасыратыны жоқ, еліміздегі ер азаматтардың басым бөлігін жыныстық проблемалар мазалайды екен. Бірақ намысшыл жігіттер ерте бастан дәрігерге қаралудың орнына, дертін жасырып келеді. Нәтижесінде ауруын мойындағысы келмегендер ұрпақ жалғастыруға қауқарсыз болады, дейді урологтар.

«Біздің орталықтың зерттеуі нәтижесіне сүйенсек, елімізде жас отбасылардың 15 пайызы бала сүю бақытынан айырылған. Оның 45-50 пайызы ер азаматтардың үлесінде. Яғни бұрын әйелдерден проблема болушы еді, қазір жігіттерден кінәрат табылуда. Ең сорақысы белсіздік жыл сайын белең алуда. Оны тоқтату тек азаматтардың өз қолында», – дейді Акадаемик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ Ғылыми-зерттеу істері бойынша басқарма төрағасының орынбасары Марат Батырбеков.

Соңғы бес жылда бұл дерттің көрсеткіші екі есеге артқан. Тіпті, әрбір бесінші жұп бала сүю бақтытынан айырылыпты. Одан қалса 25-30 жас аралығындағы келіншектердің 20 пайызының жатыры перзент көтеруге қауқарсыз болса, ер азаматтардың статистикасы тіпті жаға ұстатарлық.

«Егер жалпы есептейтін болсақ, дәрігерге тексерілуге келген пациенттердің арасында 50%-ы осы бедеулікке байланысты келеді. 20-19 жастан бастап 42 -44 жастағы дейін жетеді.Біздің қыз келіншектер жүріп қалады сөйтіп, 10 жыл 16 жыл жүріп қалатындар болады.Кейбір кісілердің дәрігерлерге қолы жетпей қалады, көбі үміттену мен көптеген уақытын созып алады», – дейді медицина ғылымдарының докторы, гинеколог-акушер Талшын Үкібасова.

Сол үмітпен жүргендердің бірі – Нұргүл есімді елорда тұрғыны. Келіншек 10 жылдан бері перзент сүйе алмай келеді. Ақыр соңы жолдасымен баланы асырап алуға бекінеді. Үйі шаттыққа толған отбасы, бұл шешіміне өкінбейді. Керісінше қыз бала көз қуанышымызға айналды дейді. Тек, асырап алған қызы аутизм дертіне шалдыққан. Десе де, қиындыққа мойымаған отбасы онымен бірге күресіп келеді.

«10 жылдан астам түрлі медициналық жағынан түрлі ем-шара қолдандық, емделдік. Сосын осы жағдайға қарап, ақылдасып біраз ойлар туындады, біраз бала асырап алуға шешім қабылдадық. Көзіміз тоймай жүрдік осы балаға. Ол Алланың тағдыры, оған ешкім кепіл бере алмайды. Бала болады ма жоқ па?» – дейді қала тұрғыны Нұргүл Балтабайқызы.

Еліміздегі 1 миллион азаматтың бала көтертуге қауқарсыз екені анықталған. Бұл ресми стастистика. Ал тіргелмегені қаншама. Урологтар, дәрігерге жүгінген азаматтардың бойынан белсіздіктің түрлі формасын тіркепті. Арасында ішімдік ішіп, темекі шегіп және ауыр жұмысқа жегілген азаматтар бар. Мәселен, көпбалалы ана Нұрхан Әуелбекова бұрындары «бедеу», «белсіз» ерлі-зайыпталар дегенді мүлдем естімененін айтады. Қазір, әрбір үшінші отбасы дәл осы проблемамен бетпе-бет келеді, дейді кейуана.

«Шында да көбейіп кетті ғой, біз тек әйел ғана деп ойлаушы едік. Ер адамнан да көптеп табылып жатыр. Кейде тағамнан ба деп ойлаймын», – дейді қала тұрғыны Нұрхан Әуелбекова.

Осылайша, урологтар ер азаматтардың қуаты кеміп, белсіздікке шалдығудың көрсеткіші артты деп дабыл қағуда. Себебі оны дер кезінде қолға алмаса, емі де соғұрлым қиындайды екен. Сондықтан да бала сүюді армандаған әрбір отбасы бұл мәселеге ертерек назар аударған абзал, дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау